Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептегі көңіл – күй

Мектептегі көңіл – күй

Балаларға орта мектепте білімнен бірге тәрбие де беру маңызды. Бұл туралы ойшыл Әбу-Насыр әл-Фарабидің: «Тәрбиесіз берілген білім пұл» деген тағылымды тәмсілі бар. Лақалы ауылындағы №93орта мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу жолға қойылған. Жақында 1- сынып оқушыларымен бірге «Мектептегі көңіл- күй» тақырыбында тренинг жұмыстары ұйымдастырылды.
Маңызды шара басында оқушылар түрлі түстерге сәйкес нұсқау бойынша өзара сәлемдесті. Түстерді ажырату дағдылары танымды кеңейтумен бірге, қуана білуге, өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай алуға үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту, қиялдарын жетілдіруге бағыттайды. Ойын ойнай жүріп, білімдерін дамытуға мүмкіндік алады.
Тренингтің негізгі мақсаттарының бірі – түзету мақсаты. Қызықты қимылдар жасай жүріп, балалардың логикалық ойлауы, көру арқылы есте сақтауы, ойша жұмыс істей білуін арттырады.
Шаттық шеңберін түзген балақайлар ерекше пейілдерін аңғартты. Достарымен қол ұстасып, жақсы көңіл-күйде бір-біріне күлкі сыйлады. Слайдта күн көрсетілгенде, бәрі қолдарын жоғары көтерсе, алақан шыққанда, қол ұстасып амандасты, жүрекше берілгенде, бір-бірімен құшақтасса, смайл суреттерге қарап, жарқылдап күлді.
«Күніміз қалай күледі?» аталатын тапсырмада топтар бірнеше бөлікке бөлінген күннің қима суретін жылдам, дұрыс құрастырды. Сондай-ақ тақырыптық тақпақтар айтып, өнерлерін ортаға салды.
«Кім қалай жүреді?» атты психогимнастикалық жұмыс топ мүшелерін біріктіріп, жағымды ахуал құрып, белсенділіктерін арттыруға бағытталды.
«Бас киімін шешіп ал» ойынын екі адам ойнады. Сол қолы денесіне байланған әрбіріне қарсыластарының бас киімін шешіп, өздерінікін қорғау тапсырылды. «Шапалақты тыңда» ойынында кішкентайлар қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы ойын, зейінін дамытты. Мәселен, балалар айнала дөңгелек бойымен қозғалды. Бір рет шапалақтағанда, қоян секілді тұрып қалса, екі рет шапалақтағанда, итше үрді. Үш шапалақтан соң құс сынды қолдарын екі жаққа лақтырып жүрсе, төрт рет шапалақтағанда, қайтадан бастапқы қалыпқа келді.
«Мен қандаймында?» қатысушылар шапшаң қимылдауға, өзіне деген сенімділігін арттыруға дағдыланды. Қос команда екі тізбекке орналасып, жерге қарамай, қолдарындағы гүлді тік ұстап, кедергілерден өтіп, дестелерде жасырынған сөзді оқыды.
 «Қолшатыр» ойыны барысында барлығы шеңберге тұрып, әуен қолшатырдан айналып жүріп, нысананы ұстауға талпынды.
Дағдылар мен әлеуметтік қызметтерді белсенді дамытуға бағытталған оқыту әдісінен оқушылар түрлі жағымды әсермен тарқасты.
Әсем БАЙМҰРАТОВА,
Лақалы ауылындағы № 93 орта мектептің педагог-психологі

25 ақпан 2025 ж. 102 0

Мектептегі көңіл – күй

25 ақпан 2025 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728