Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көңілді тренинг

Көңілді тренинг

Қосымша білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы 15 – қыркүйектен басталды. Осыған байланысты 13 қыркүйекте Қазалы аудандық оқушылар үйінде жоспарға сәйкес педагог-психологтың ұйымдастыруымен ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту, ұжымға деген жағымды көзқарасты қалыптастыру, жұмысқа құлшыныстарын ояту мақсатында «Жаңа оқу жылын жағымды көңіл-күйде бастайық!» атты ұстаздарға арналған тренинг өтті.
Тренинг барысында мұғалімдер шаттық шеңберін құрап, өз ұрандарымен бөлісе отырып, бойындағы керемет қасиеттеріне тоқталып өтті. Одан соң «Қара күйе көбелегін аулау» жаттығуы бойынша адамгершілікке жат қасиеттерді қара күйе көбелегіндей деп, оны ұстаздардың өздері ойлап тапқан әдістері арқылы жою жүзеге асырылды. «Сіз кімсіз?» тестін жүргізе отырып, адамның бойында кездеспейтін керемет қабілеттердің бірін таңдаған ұстаздардың даралығы және мамандыққа деген сүйіспеншілігі аңғарылды. Тренингте «Шеңберден өту» ойыны, «Сіз қандай жұмысшысыз?» тесті, сергіту сәті, «Шар» жаттығуы, «Психолог сыйы» сияқты кезеңдер қамтылды. Келесі кезеңге өткен сайын ұстаздар алға қойған мақсаттарына толық жету үшін еңбектену мен достық көмектің, ұйымшылдықтың қажет екенін өзара ұғына түсті.
Ұстаздар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа оқу жылы қарсаңында жақсы көңіл-күйде тарқасты.

Сарқыт МАТАЙ,
педагог-психолог
18 қыркүйек 2021 ж. 1 444 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 112

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031