Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәні зор апталық

Мәні зор апталық

Аранды аулындағы №97 мектепте қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адамға екі нәрсе керек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі» тақырыбында апталық өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткен шараға оқушылар белсенділікпен ­атсалысты. Шәкірттердің қазақ, орыс, ағылшын және тарих пәндеріне деген қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатындағы шара шымылдығы тарих пәні мұғалімі Г.Әжібайдың «ХVІІІ ғасыр аяғына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы» тақырыбындағы ашық сабағымен ашылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Өтебәлінің «Әбу Насыр әл-Фараби «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» тақырыбында өткізген сабағы да жаңашылдығымен есте қалды. Г.Медетованың «Ұлылықтың басында Ұстаз тұрар!» тақырыбында ашық тәрбие сағатында ардагер және тәжірибелі ұстаздар Қ.Әлімбетова, Т.Жиенәлінің өнегелі жолдары үлгі етілді. Ағылшын тілі пәнінен С.Наурызбай ұйымдастырған «Means of communication» тақырыбындағы сабағында әңгімелеу, эвристикалық әдіс, тест, іздену, салыстыру мәтінмен жұмыс сынды қызықты әдіс-тәсілдер қолданды. «Спорт в нашей жизни» тақырыбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Медетованың 8 дәрісінде де қызығушылық пен салауаттылық туралы қызықты мағлұмат жиюға мүмкіндік туды.
«Әкем, анам және мен» тақырыбындағы ұстаздар, ата-аналардың қатысуымен отбасылық спорттық сайысқа Қожахметовтердің «Қыран», Жолдасовтар отбасылық «ААИ», «Бірлік» Тағыбай отбасылық топтары қатысып, «Кім жылдам», «Суретші», «Сазды әуен» сындары бойынша сайысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қуатбайдың «Қазіргі сән» тақырыбындағы сабағында жаңа форматтағы әдіс қолданылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә.Ұзақбайдың «А.Құнанбаев «Ескендір» поэмасы» тақырыбындағы ашық сабағында жеті модульді қолдану арқылы «Кім жылдам», РАФТ, постермен жұмыс әдіс-тәсілдері пайдаланылды. Орыс және ағылшын тілдері пәнінің мұғалімдері П.Қалмұрза, Г.Медетова, С.Наурызбай, А.Өткелбайдың «Үш тілдің патшалығы / Королевство трех языков / The Kingdom of three language” тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыс интеллектуалды ойын өткізді. 4 кезеңнен тұратын ойынға «Білгіштер», «Всезнайки», «Know it all» командалары қатысып, «Жаңылтпаштар», «Полиглот», «Ойлан, тап!», «Сиқырлы сандар» сайыстарын үш тілде өткізді. Ойын барысында оқушылар пән бойынша ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін таныта білді. Жеңімпаз командалар бірінші, екінші, үшінші орындармен марпатталып, грамота және сыйлық иеленді.
Тарих пәнінің мұғалімдері Б.Реш, Г.Әжібай, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында 9-11-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Басқосуды мектеп директоры А.Алуашова ашып берді. Оқушылар өздері білетін ақпаратпен алмасып, видео қарады. Ш.Ақниет, Г.Едіге туған жер, тәуелсіздік туралы әндер шырқады. Бір-біріне сұрақ қойып, пікірлерін білдірді.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Өткелбай «Animal types» тақырыбында 3 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Оқушылар топқа бөлініп, ұжымдық жұмыс жасады. «Шапалақ» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды. Сабақ соңында кері байланыс орнатылып, «Ат қора» әдісі арқылы жылқы және құлынды белгілеу арқылы рефлексия жасады. Топ басшылар бағаланды, әділ баға қойылды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі П.Қалмұрза «Джонатан Свифт «Путешествие Гулливера» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Бұл жерде атап кететін жәйт мұғалімнің өз пәнін жетік меңгергендігі. Оқушыларды сабаққа қызықтыра, көңілін аударта білгендігі. Мұғалім пәнаралық байланыстарды іске асырды. Оқушылар ашық сабақтарда белсенділік танытып, топта жұмыс істеу әдісін пайдалану және бір-біріне қолдау қабілеттерін көрсете білді.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Т.Жиенәлі, Ә.Ұзақбай, Г.Өтебәлі, А.Қуатбайдың ұйымдастыруымен «Әр өлеңде бір әлем» тақырыбында оқушылармен поэзия кеші өтті. Бастауыш сынып оқушылары өздері білетін өлең шумақтарын да оқып берді. Биылғы жылғы мерейтойлы ақындардың шығармашылығынан өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Ерекше, қызыққа толы поэзия кеші керемет көңіл-күй сыйлады. Белсенділік танытқан оқушыларға сыйлық табыстады. Тарих пәнінен Б.Реш «Ерте көшпелілер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен өткен ашық сабағы өте жақсы, қызықты өтті. Оқушылар бірлесіп, топтық жұмыс жасады. Мұғалім электрондық оқулықтан бейне көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіріп шықты. Мектеп директоры А.Алуашова ұстаздар мен оқушыларға алғысын білдірді.

Г.МЕДЕТОВА,
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер
бірлестігінің жетекшісі
11 желтоқсан 2021 ж. 596 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930