Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дін мен дәстүр егіз ұғым

Дін мен дәстүр егіз ұғым

Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен Әйтеке би кенттік “Әли-Мұса” мешітінде ислам діні мен қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің арасындағы терең байланысты талқылау, олардың бір-бірімен үйлесім табуының қоғамдағы рөлін түсіндіру мақсатында “Дін мен дәстүр егіз ұғым» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға мешіттің білім алушы жамағаттары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы Г.Өтеп ұлттық болмысымыздың негізін құрайтын екі маңызды ұғым-дін мен дәстүрдің байланысы туралы тақырыпты ашып, “Әли-Мұса” мешітінің наиб имамы Б.Сағындық қатысушыларға дін мен дәстүрдің дұрыс үйлесімділігін түсіндіріп, бұл ұғымдардың адам өміріндегі маңызы мен өзара ықпалын қарастыра отырып, олардың мәдени және рухани құндылықтарымызды сақтаудағы рөлі туралы кеңінен мәліметтер берді. Сонымен қатар, шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.Шара аясы өткір тұжырымдар мен дәлелді пікірдің ортасы болды. Шара соңында мешіт ақсақалы Рысмамбетов Сүйінтай атай батасын берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат




19 ақпан 2025 ж. 329 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 116

ЖИ: қауіп пе, құрал ма?

31 қаңтар 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031