Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапсырыс берген затыңыз дұрыс жеткізілмесе не істеу керек?

Тапсырыс берген затыңыз дұрыс жеткізілмесе не істеу керек?

Фото: Н.Нұржаубай
Тапсырыс берген затыңыз дұрыс жеткізілмесе, қайда жүгіну керек? Тауарды дұрыс жеткізу тікелей жеткізушінің жауапкершілігі ме, әлді компанияның ба? Massaget.kz тілшісі заңгерден жауап алды.

Заңгер Қуат Ауғанбек "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңды негізге ала отырып сұрақтарға жауап берді.

Қуат Ауғанбек заңгер.

Күнделікті өмірде көп кездесетін жағдай болғандықтан заңгер бұл сұрақтың жиі қойылатынын айтты. Ол заң бойынша әрекет етеін нұсқаулық ұсынды:

Жауапкершілікті анықтау
Жеткізу кезіндегі тауардың зақымдануына немесе жоғалуына кім жауапты екенін анықтау үшін келесі факторларды ескеру қажет:

Егер курьерлік қызметті сатушы ұйымдастырса, онда жауапкершілік сатушыда болады. Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға сәйкес, тауар тұтынушыға толық әрі сапалы күйде берілгенге дейін сатушы жауапты.
Егер сіз курьерлік қызметті өзіңіз таңдасаңыз, онда тауарды бүлдірген немесе жоғалтқан жағдайда, курьерлік компания жауапты болады.
Құжаттық дәлелдерді жинау
Курьер тауарды бүлдіріп немесе жоғалтып алса, келесі дәлелдерді жинап, бекіту қажет:

Фото/видео дәлелдер – тауардың бүлінгенін бірден фотоға немесе видеоға түсіріңіз;
Жеткізу актісі немесе қабылдау құжаты – егер курьерлік компания құжатпен жұмыс істесе, бүлінген тауарды қабылдағаныңызды көрсетіңіз;
Чектер мен түбіртектер – тауарға төлем жасалғанын растайтын құжаттар сақталуы керек;
Курьердің түсініктемесі – егер мүмкін болса, курьерден жазбаша түсініктеме алыңыз.
Курьерлік компанияға немесе сатушыға талап қою
Әуелі курьерлік қызметтің ережелерін тексеріңіз. Әрбір курьерлік компания өз шарттарына сай, зақымданған тауар үшін өтемақы төлеу мүмкіндігін қарастыруы мүмкін.

Ресми талап хат жолдап, сатушыға немесе курьерлік компанияға заңды түрде шағым жазыңыз. Онда сіздің талаптарыңызды нақты көрсетіңіз:

Ақшаңызды толық қайтаруды талап ету;
Тауарды қайта жөнелтуді сұрау;
Шығынды өтеуді талап ету.
Егер сатушы немесе курьер өтемақы төлеуден бас тартса...
Егер сатушы немесе курьерлік компания сіздің талабыңызды орындамаса, сіз келесі инстанцияларға жүгіне аласыз:

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті – ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы мемлекеттік орган.
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы – егер курьерлік қызмет кәсіпкерлік субъектісі болса, олар арқылы медиация жасауға болады.
Сотқа жүгіну – егер басқа жолдар нәтиже бермесе, азаматтық сотқа талап арыз беруге болады.
Қандай заңды негіздерге сүйенуге болады?
Заңгер Қуат Ауғанбек жоғарыда аталған нұсқаулықты төмендегідей заң негіздері жүзінде орындалатынын еске салды.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңы – тұтынушы ретінде сапалы тауар алуға және залалды өтеуге құқығыңыз бар;
"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі" – егер сізге залал келсе, кінәлі тарап оны өтеуге міндетті;
"ҚР Көлік қызметтері туралы" заң – егер тауар курьердің жауапкершілігіндегі кезде бүлінсе немесе жоғалса, компания өтемақы төлеуге міндетті.
13 ақпан 2025 ж. 226 0

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728