Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы тауарды ауыстыру жолдары

Сапалы тауарды ауыстыру жолдары

Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым – қатынас дау – дамайға толы. Сатып алушылар мен сатушылар арасында әлі күнге дейін тауарды қайтару мен айырбастау мәселесі өзекті болып отыр. Тұтынушының құқығын түрлі жағдайда жан – жақты қорғауға бағытталған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы әрекет еткенімен, сатушылар түрлі сылтауларды алға тартып, сатылған тауарды айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға асықпайды. Шындығында сатып алушының нақты қандай құқықтары бар?
Көптеген сауда нүктелері «Тауар айырбастауға және қайтаруға жатпайды» деген ескертпе жазуды пайдаланады. Сатушылардың тауарды айырбастаудан немесе оның ақшасын қайтарудан бас тартуы заңды әрекет пе ? Сөзсіз – жоқ. Тауардың дүкенде немесе базарда сатып алынғандығына қарамастан тұтынушылар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңымен берік қорғалғандығын естен шығармауы керек. Осы заңның негізінде сатушы сапалы немесе сапасыз тауарды айырбастауға болмаса ақшасын қайтаруға міндетті (Заңның 24 бабы, 5 тармақшасы).
Тұтынушылардың құқығы көп жағдайда тауарды айырбастау немесе қайтару кезінде бұзылып жатады, әсіресе сапасыз тауардан гөрі сапалы тауарды айырбастау мен қайтару қиынға соғады. Заңның 30 бабы 1-тармақшаларына сәйкес, сатып алушы сатып алынған азық-түлік емес сапалы тауарды көңілінен шықпайтын себептерге немесе қасиеттеріне байланысты осыған ұқсас басқа өлшемді, қалыпты, көлемді, пішінді, түсті тауарға 14 күнтізбелік күн ішінде айырбастауға құқылы. Бұл егер келісім бойынша бұдан ұзақ мерзім көрсетілмеген жағдайда. Егер тауар (мысалы киім немесе аяқкиім) айырбастау кезінде сатылымда жоқ болып шықса, тұтынушы ондағы тауарлар ішінен сол қаржының көлеміндегі өзге тауарды алуға немесе ақшасын қайтарып алуға құқылы. Айырбастау мен қайтарудың бұлжымас заңы: сатылған тауар пайдаланылмауы тиіс, сыртқы түр әлпеті, тұтынуға жарамды қасиеттері, пломбасы, фабрикалық заңтанбасы сақталуы шарт, тауарды сол сатушыдан сатып алынғандығын растайтын құжаттардың болуы (кассалық немесе тауарлық түбіртек) және тауардың айырбастауға жатпайтын тауарлар қатарына енбеуі қажет.
Заңнама бойынша айырбастауға жатпайтын тауарлар:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;
2) іш киімді;
3) шұлық-ұйық бұйымдары;
4) жануарлар мен өсімдіктер;
5) метрлеп сатылатын тауарлар (талшықты маталардың барлық түрі, трикотажды және және перделік мата, жасанды тері, кілем бұйымдары, тоқыма емес маталар, ленталар, шілтерлер, кестелер, сымдар, баулар, кәбельдер, линолеум, багет, пленка мен клеенка);
6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне, яғни e-tutynushy.kz сайтында ұялы телефон немесе компьютер арқылы әр тұрғын өзінің бұзылған құқықтары туралы мәлімдей алады және кәсіпкерлерге Smart QR қосылуға болады.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!
16 сәуір 2024 ж. 148 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031