Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біліктілік пен байыпты қадам бастауы

Біліктілік пен байыпты қадам бастауы

Адамзат жаратылғалы бері олардың таным-түсінігі білуге ұмтылу арқылы ұлғайғаны белгілі. «Білікті бірді, білімді мыңды жағады» дегендей, қандай өзгеріс, қандай уақыт болса да, зерделі ой, парасатты пайым бүгінгігі байыптап, болашақты дұрыс бағыттауда өмір сүрудің айнамас кредосына айналған. Әлемде қаншама ел болса, олар бір-бірінен сана, білім бәсекесі биіктейді. Ақпараттық ағын ХХІ ғасыр да ең құнды капитал білім екенін ұғындырды. Яғни қай салада жетістікке жетуді мақсат тұтсақ та, оған тек осы жол арқылы баруға болатыны баршаға аян.
Ұлттық рейтингте көш басынан түспеген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті елімізде орнасқан бәсі жоғары, бағасы биік, бағыты айқын жоғары оқу орны. Бүгінде ҚазҰУ 200-ге жуық сала бойынша мамандар дайындауға қауқарлы QS Stars Rating System рейтингі мәртебесін алған орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны.
Негізін өткен ғасырдың 1934 жылы бастаған оқу орны білікті ғылыми және педагогикалық бастауға екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеген.
Соғыс жылдары Қазақстанға Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск ғылыми орталықтарынан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілуі оқу ордасының ғылыми әлеуетін одан әрі арттыра түскен.
1991 жылы Әл-Фараби есімімен аталған университет 1993 жылы ұлттық жоғары оқу орны мәртебесін алады.
2009 жылы "Таймс" университеттері түзген беделді рейтингте әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енеді. 2022 жылы ҚР Үкіметі қаулысына сәйкес, «зерттеу университеті мәртебесі берілді. QS әлемдік рейтингіне көз салсақ, көңіл қуантады. 193 орыннан көрінген оқу ордасы Азия елдеріндегі үздік 30 университет қатарында.
Батыс және Шығыс еуропа, Солтүстік Америка, Азия, Тынық мұхиты аймағындағы 600-ден астам университетпен берік байланыс түзген оқу ордасы Халықаралық серіктестік диалог алаңы, халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыруда. 2014 жылы БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы жаһандық Академиялық ықпал ету орталығын (БҰҰ-ның Академиялық ықпалы) басқару тапсырылуы, ЮНЕСКО-ның Орнықты даму жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығы UNITWIN бағдарламасына сәйкес, ҚазҰУ базасында құрылуы оның білім беру жүйесіндегі рөлі мен маңызын айқындайды.
«Бакалавр – магистр – PhD»түрінде үш сатылы мамандар дайындау жолға қойылған.
Жыл сайын ҚазҰУ-дың студенттері шетелдік ғылым және білім беру орындарында түрлі тағылымдамалардан өтуіне мүмкіндік қарастырылған.
Ғылыми әлеуеті жоғары. Материалдық-техникалық базаның жабдықталуы бойынша Қазақстандағы жетекші орын ғылым және инновациялық қызмет департаменті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтары, технопаркті жұмысын жүйелейді.
ҚазҰУ-дың заң факультеті еліміздегі жетекші сала маман дарлауда үлгілі, жеткен жетістігімен дараланған факультет. Студенттер мен магистранттарға ҚР Ұлттық академиясының бір академигі, 30 ғылым докторы, 80-нен астам ғылым кандидаты, доценттер, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Ғылым академиясының, ҚР Заңы және ведмостволардың жоғары білікті практиктері дәріс береді.
1955 жылы іргетасы қаланған Заң факультеті оң өзгерістерге иек артуда. Қазіргі таңда аталмыш факультет «Құқықтану», «Кеден ісі» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды. Студенттерді даярлау үдерісі орта білім және жоғары білім негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, Заң факультетінің студенттеріне магистратура және PhD докторантурасына түсуге мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінгі таңда Заң факультетінің ауқымды ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жақсы ғылыми әлеуетке ие.
Жыл сайын факультет құрамындағы мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедралар бәсекеге қабілетті ізденіс жұмыстарын арттырады.
Мемлекет және құқықтың өзекті мәселелері бойынша халықаралық және республикалық конференция, олимпиадалардың тұрақты ұйымдастырушысы болуда.
Біздің түлектер қатарында ҚР сот және құқық қорғау органдары, прокуратура, Ішкі істер министрлігі, қаржы полициясы, әділет министрлігі басшылар бар.
Қазақстандық үздік студенттер халыққа заңгерлік кеңес беретін студенттік заң клиникасы – жемісті жұмыстың айғағы. Сонымен қатар білім алушылар студенттік ғылыми үйірмелер, КВН, көркемөнерпаздар қойылымында белсенділіктерімене дарануда. Студенттер мен магистранттар ғылыми және оқу әдебиеттері, мұрағат материалдарының бай қоры бар еліміздегі ең көне кітапхана мүмкіндігін пайдалана алады. Олар үшін мамандандырылыған заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу залдары, интернет кабинеттері қолжетімді.
Әлеуеті жоғары және әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуға бағыт алған инновациялық, көпсалалы тұрақты кәсіби білімге ие университет халықаралық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу.
Карлыгаш УСЕИНОВА,
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,
конституциялық және әкімшілік құқық
кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының
кандидаты, доцент.
Дінмұхамед МЕЙІРХАНОВ,
заң факультетінің 2 курс магистранты.

12 ақпан 2025 ж. 223 0

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728