Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт сөндіруші мәртебелі мамандық

Өрт сөндіруші мәртебелі мамандық

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына 2024-2025 ж оқу жылына үміткерлерді оқуға шақырамыз.

Жас жігіттердің басым бөлігін әскери қызмет қызықтыратыны белгілі. Олардың қатарында «өрт сөндіруші-құтқарушы» мамандығына қызығушылық танытып жатқандар аз емес. Бұл мамандық ең игілікті деп бекер айтылмаған, себебі өрт сөндіру, адамдарды құтқару нағыз ерлік. Қиын әрі аса қауіпті жұмыс болғанымен, көптеген ер-азаматтар осы мамандықты таңдауда.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы - еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша күндізгі оқу факультеті және сырттай оқу факультеті өрт қауіпсіздік бакалавр біліктілігі берілу арқылы жоғары кәсіпті мамандарды даярлайды. Азаматтық қорғау академиясы күндізгі оқу факультетіне оқуға түскен азаматтар әскери тәртіп (казарма) бойынша мемлекет есебінен тамақтанумен, шәкіртақымен қамтамасыз етіліп, жақсы жабдықталған жатақханада тұрады. Оқуды тәмамдаған соң, түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, арнайы «азаматтық қорғау» лейтенанты атағы беріледі. Түлектер әрі қарай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі органдарында және бөлімшелерінде қызметін жалғастыру үшін жолдама алады. Академияның күндізгі оқу бөліміне Қазақстан Республикасының 25 жасқа дейінгі және оқу жылының басына дейін 17 жасқа толған, орта және жалпы орта білімі бар, әскери қызметке денсаулығы жарамды, оқуға түсерде емтиханды (физика және математика пәндерінен) жетістікпен тапсырған және сайыстан мүдермей өткен азаматтар қабылданады.
Академияда күндізгі оқу факультетінің оқу мерзімі 4 жыл. Бұл шұғыл әскер қызметке теңеледі. Академияның курсанттары республикалық, облыстық және қалалық спорттық, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған әскери шерулерінің тұрақты қатысушылары қатарында.
Құрметті талапкерлер, еліміздің болашағы біздің қолымызда! Дұрыс таңдау жасаңыздар.
Ескертпе: Оқуға түсуші үміткерлер толық ақпаратты Әйтеке би кенті, Төремұрат жырау көшесі №16 мекен-жайдағы Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінен немесе 8(72438)-22-1-51 байланыс телефонынан біле алады.
Шапағат Ермекбаев,  
Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің
бас маманы азаматтық қорғау майоры 





10 ақпан 2025 ж. 230 0

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728