Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандығының майталманы

Мамандығының майталманы

Қазалы аудандық №9 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері бүгінге дейін талай мәрте тілсіз жауға қарсы тұрып, абырой биігінен көрініп ел алғысын алып келеді. Сол қатарда № 9 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау аға сержанты Оңталап Жалмаханов та бар.
Оңталап Кәденұлы азаматтық қорғау органдарында 2004 жылдың маусым айынан бастап қызмет атқарып келеді. Жастайынан өз өмірін спортпен байланыстырып, біршама жетістіктерге жеткен, қазіргі кезде бар күш-жігерін өрт сөндіру саласына жұмсап, адам өмірін құтқаруда алдыңғы шепте көрініп жүрген маман.
Облыстық және аудандық жарыстарда топ жарып, талай тартысты додаларда топ жарып, жүлделі орын иелене білді. Нақтыласақ, 2011 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты құтқару құрылымдары арасындағы жазғы спартакиададағы жеңіл атлетика спортының 3 топ бойынша 1000 метр ара қашықтыққа жүгіруден ІІІ орын, 2012 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің IV жазғы Спартакиадасының жарыстарында 1000 метр қашықтыққа жүгіруден ІІ орын, 2013 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің V жазғы аумақтық Спартакиада аясында өткен жеңіл атлетика спорт бойынша 1000 метр қашықтыққа жүгіруден ІІІ орынға, 2014 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қысқы оңтүстік аймақтық спартакиадасында 2500 метр қашықтықта жүгіру сайысынан 1 орын, 2016 жылы жүгіруден аудандық жарыста 30-44 жас аралығы бойынша жүлделі 1 орын және «Қазалы марафон – 2016» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 40 жастан жоғары қатысушылар арасында 1 орын, 2019 жылы «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы және «Қазалы Жомарт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз: Бар байлығым отбасым» атты аудандық жас отбасылар эстафетасында 1 орынға ие болып, төсбелгілермен марапатталған.
Сондай-ақ 2020 жылы 19 қазан «Құтқарушылар күніне» орай Төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз етудегі ерекше қызметі үшін алғыс хатпен марапатталған. Әлі күнге дейін спорт пен қызметті бірге ұштастырып, белсенділік танытып жүрген азаматтың алдағы күндеріне сәттілік тілеп, әлі талай жеңістің жалауын желбірететініне сенімдіміз.
Қазалы ауданының №9 өрт сөндіру бөлімі
23 тамыз 2021 ж. 620 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031