Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі су тасқындарының алдын алу дайындығына мониторинг жүргізілді

Көктемгі су тасқындарының алдын алу дайындығына мониторинг жүргізілді

Фото: Ернұр Камаұлы
Бүгін партияның аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков, партия филиалының Атқарушы хатшысы, комиссия мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев және комиссия мүшесі Күншығар Әбілов, «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Нұрлан Әбілдаев және Қазалы ауданының төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғаныс бөлімі мамандарымен бірге аудан бойынша көктемгі су тасқындарының алдын алу бойынша дайындық жұмыстарына партиялық мониторинг жүргізді.

Ә.Тыныбаев атындағы Басықара су торабы мен ауыл маңындағы «13 бекет» суару каналында болған партия өкілдері төтенше жағдайлардың қауіпін азайту мен алдын алу, елді мекендерді су басу қауіпінен қорғау мақсатында су торабының қазіргі жағдайын зерделеді.

Зерделеу барысында мамандардың айтуынша бүгінгі күні жалпы аудан аумағында Сырдария өзенінің бойында ұзындығы 140,16 км қорғаныс бөгеттері орналасқан. Оның ішінде: сол жағалауда 57,6 км, оң жағалауда 82,56 км. Қорғаныс бөгеттерінің қазіргі жағдайы жобалық деңгейде.

Сырдария өзенінде көктемгі сең жүру кезінде өзен суының жағдайы 6 жерден бақыланып отырады. Су тасқыны салдарынан орын алу ықтимал төтенше жағдайларды алдын алу үшін арнайы техникалары бар 20 ұйымдармен және азық-түлік, жанар-жағармай және басқа да қызметтер көрсететін 10 кәсіпкерлермен келісім-шарттар жасалып, меморандумға отырған. Қажеттілік жағдайда 39 техника жұмылдырылатын болады. Сондай-ақ, қазіргі таңда елді мекендерді су басу қаупі жоқ екендігін жеткізді.

#AMANAT
#KPK
#мониторингAMANAT
10 ақпан 2025 ж. 316 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930