Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орман шаруашылығы мекемесінің материалдық-техникалық жабдықталуына мониторинг жүргізілді

Орман шаруашылығы мекемесінің материалдық-техникалық жабдықталуына мониторинг жүргізілді

Бүгін аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясымен жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында Қазалы ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуына мониторинг жүргізілді.
Зерделеу жұмыстарына аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков, партия филиалының Атқарушы хатшысы, комиссия мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев және комиссия мүшесі Райымбек Бөлебаев қатысты.

Аталған мекемеде дала өртін ауыздықтауға 4 өрт сөндіруші, 2 көлік жүргізуші қызмет жасайды. Ал материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша 2 өрт сөндіру көлігі, 3 трактор, 1 тіркелмелі су тасушы, 5 дана мотопомпа, 60 дана қолға ұстап жүретін рация және 1 дана стационарлы радиостанция қолданыста бар. Сондай-ақ басқа да құрал-жабдықтармен қамтылған.
Дегенмен өрт сөндіру көлігі мен штаттық бірлік белгіленген нормативтерге сай емес, өрт сөндірушілердің қызметтік киімдерінің де мерзімі өткен.

Бұл бағыттағы жұмыстармен толық танысқан соң аманаттықтар мекеме қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері бақылауға алынып, Партиялық бақылау комиссиясымен тиісті жұмыстар жасалатындығын жеткізді.

#AMANAT
19 маусым 2024 ж. 158 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30