Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бензин қымбаттады

Бензин қымбаттады

Көлік министрі Марат Қарабаев бензиннің қымбаттауы нарыққа қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бензиннің қымбаттауы және алда қосымша құн салығының өсуі әуе, пойыз, такси қызметінің құныны, автобус билетінің бағасына қалай әсер етеді? – деп журналистердің ведомствоның болжамын сұрады.

Қарабаевтың айтуына қарағанда, әуе керосині бұрыннан нарықтық бағамен жүреді. Сондықтан (бензиннің қымбаттауы – ред.) оған ешқандай әсер етпейді.

Пойыз билетінің бағасын мемлекет реттейді. Сол себепті пойыз билетінің құнын көбейтуді жоспарлап отырған жоқпыз. Ал такси қызметі бойынша, жанармай нарыққа беріліп жатыр. Оны (бағаны – ред.) нарық айқындайды.
Қазір де такси қызметінің бағасы нарықта. Яғни оны мемлекет реттемейді. Бірақ күні кеше өзін-өзі реттеу туралы заң жобасында осы мәселені талқыладық. Заң жобасы шеңберінде алпауыт интернет агрегаты мен такси жүргізушілері өзара келісімге келсе болады. Мысалы, 1 шақырым жол қанша теңге болады немесе агрегаттардың пайызын келісе алады, - деп түсіндірді Көлік министрі Үкіметте өткен брифингте.

Еске сал кетейік, 2026 жылы автожолға қатысты жаңа платформа іске қосылады. 2025 жылы 13 мың шақырым жол жөнделетіні туралы осыған дейін жаздық. Ал 2 жылдан кейін Қазақстанның барлық жолында интернет болады.
06 ақпан 2025 ж. 191 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930