Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда «Яндекс таксидің» бәсекелесі пайда болады: министр тың мәліметтер айтты

Қазақстанда «Яндекс таксидің» бәсекелесі пайда болады: министр тың мәліметтер айтты

Нарықта отандық 8 интернет агрегат бар
Қазақстанда «Яндекс таксидің» бәсекелесі пайда болады: министр тың мәліметтер айтты
Фото: freepik.com
Көлік министрі Марат Қарабаев Парламент Мәжілісінің кулуарында БАҚ өкілдеріне пікір бере отырып, такси қызметінің нарығындағы бәсекелестік туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр сөз басында Қазақстан нарығында «Яндекс таксиден» бөлек 8 интернет агрегат бар екенін ерекше атап өтті.
«Бұл – нарық қой. Мемлекет бір компанияны алып келіп, «Яндекс таксиге» бәсекелес етеді деген ұғым жоқ. Ал нарықта басқа да отандық 8 интернет агрегат бар. Бірақ ең басымы – «Яндекс». Оны нарықтың өзі реттейді, бір-бірімен бәсекелестік негізінде. Бірақ менің есебім бойынша, біздің пайымдауымыз бойынша Мәжіліске өзін өзі реттеу туралы заң жобасын кіргіздік. Соның аясында жүргізушілер құқығын қорғап отырады.
Бұл жерде мәселе бағаның қымбаттауына емес, бағаның ішінде қанша бөлігін қазақстандық жүргізуші алып жатыр, қанша бөлігі агрегаттың өзіне қалып жатыр деген мәселе. Соларды екі жақты біріге отырып, келісімге келетін жүйе ретінде өзін өзі реттеу заң жобасын ұсындық. Енді ары қарай қалай болады, көрерміз», - деді Марат Қарабаев.
Ол сөзін жалғай отырып, әлемдік компанияларды нарыққа тарту жұмысы жүріп жатқанын ерекше қозғап өтті.
«Біз біреуіне альтернатив алып келеміз, балама жасаймыз деген мақсат жоқ. Әрине, Еуропада да осы салада ірі-ірі компаниялар бар. Оларды да өзіміздің нарыққа тартып отырмыз», - деді



23 желтоқсан 2024 ж. 324 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930