Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлік пен кеңдік: Қандыағаш қырғыны

Ерлік пен кеңдік: Қандыағаш қырғыны

Абылай хан өмірден өткен соң, ұлдары елдің басын біріктіре алмай, билікті уыстарынан шығарып алады. Нәтижесінде Ұлы жүз Қоқан хандығына бағынышты болып қалады. Кіші жүз өз алдына бөлініп, Жайықтың құбыла беті – иен даланы мекендеп, осы жерде қоныстанады.
Хан тұқымының қол астында тек Орта жүз қазақтары ғана қалады. Абылайдың немересі Кенесары Орта жүзге хан болады. Ұлытау, Кішітау маңында әскер жинап, Орынбор бекінісін салып жатқан орыс әскеріне қарсы шығады. Бұл тұста Кіші жүз Тама Есет батыр да жерімізге қамал салдырмауға қарсыласады. Есеттің туыстық жағынан жиені болып келетін Жанқожа да қол жинап, әскермен орыстарды Жайықтан өткізбеуге күш салады. Сол тұста атағы дүркіреп тұрған Есет, Жанқожа, Ерназар, Бекет сынды батырлар орыстарды басып тастап отырады.
Есет батыр 86 жасында ауырып, дүние салғанда, ауыртпалық Жанқожаға түседі.
Жанқожа Толыбай, Әйімбет, тағы басқа азаматтарды жинап, кеңес құрады. Басқа рулар басшыларына ат шаптырып, хабар жібереді. Өздері 350 адаммен азық-түлікті дайындап, Ақтөбеге аттанады. Батырдың соңынан туыстары Ақмырза, Жауқашар, Бек, Арынғазы 100 қолмен қосылады. Бірнеше күн жол жүріп, Шынтемір, Матай, Есет Көтібарұлы, Әзбергендерге келіп қосылады. Жаушылардан: «Орыстар Ақтөбе бекінісін салып болып, Қандыағашқа қарай бет алды» деген хабар жетеді.
Патшаның 1000 әскерінің 500-і бекініс салу үшін Қандыағашта қалдырылса, 500 сарбазы Жем бойына қарай кетеді. Жанқожа бастаған қазақ жасақтары Қандыағаштағы орыс әскеріне шабуыл жасап, 120 жауынгерін өлтіреді. 80-і жараланады, 350 әскерін қолға түсіреді. Батырдың айналасындағылар тұтқындарды өлтіру туралы ұсыныс айтқанда, Жанқожа қарсы тұрып:
– Жоқ, олай болмайды. Алас-қапас шайқаста өлгені өлді, ол заңды нәсе. Ал тұтқындалған, кеудесінде жаны барларын өлтірмеу керек. Бізге қарсылық танытудан бас тартып, өз еркімен берілген бұларды қырып тастағаннан, орыстың тұқымы азаймайды. Діні басқа болса да, өздеріңдей қатын-баласы үйінде күтіп отырған адам баласы. Еріксіз, ықтиярсыз бұйрықты орындап жүрген қатардағылар. Не болса да, бұларға тәртіп берген генералды қолға түсіру қажет. Ал сендер мейірімділік, адамгершілік қасиеттеріңді көрсетіп, елдеріне жететін азық-түлік, жарақаттанғандарға көлік бөліп, қайтарыңдар, – дейді.
Қаншама арынды батыр, қабілетті қолбасшы болса да, Жанқожа батырға ерілігі мен кеңдігін қатар алып жүрген тектілік те тән болыпты.
Дайындаған Жұмабек ҚҰЛБАЕВ
04 ақпан 2025 ж. 45 0

Еңбегі ерен ер еді

04 ақпан 2025 ж. 46

Ұстаз есімі ұлықталды

04 ақпан 2025 ж. 45

Үшінші рет үйлендім

03 ақпан 2025 ж. 79

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728