Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Елді қорғаған батыр баба

Елді қорғаған батыр баба

Ел тәуелсіздігі жарияланған жылдары Қазалыда ең алғаш кімнің құрметіне архитектуралық ескерткіш тұрғызылды? Тоқсаныншы жылдары халықтың жағдайы айтарлықтай жақсы болмаса да, ерлігімен тарихта қалған батырларды дәріптеуге назар аударылды. Сол кезде көптің ұйғарымымен халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының рухына арнап, арнайы кесене салынды. Оның құрылысына жүздеген шебер жұмылдырылды. Арнаулы штаб құрылып, уақытылы пайдалануға берілуіне көптеген ұжымның қосқан үлесі зор. Халық қастерлеген баба ескерткішін тұрғызуға атсалысқандардың есімі жазылған кесене шежіресі жайлы кітап бүгінде Ғани Мұратбаевтың тарихи-мемориалдық музейінде сақтаулы тұр.
Жанқожа батыр ескерткіш-кесенесінің іргетасы 1992 жылдың наурыз айында қаланып, қазан айында аяқталған. Халық қаһарманының Қызылқұм жеріндегі бейітінен топырақ әкеліп қойылып, батыр рухына республикалық дәрежеде ас берілді. Кесене Әйтеке би кентінен 4, Қазалы қаласынан 8 шақырым жерде орын тепкен. Екі жылдан соң мемлекеттің қорғау меншігіне алынған.
Бұрынғылар батыр әрі әулие атап кеткен Жанқожа Нұрмұхамедұлы 1774 жылы қазіргі Қазалы ауданына қарасты Арықбалық ауылында туылып, 1860 жылы жау қолынан қаза тапты. Ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы ХIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтарының шабуылына аса өжеттікпен қарсы тұрған.
1830-1840 жылдары жау сарбаздары жергілікті халыққа өктемдігін үдете түсті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы қазақ ауылдарын шауып, малын барымталап, әйел, бала-шағасын тұтқынға алды. Мұнымен қоймай қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрды. 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен жасақтар шығарып, алым-салым жинап тұрды. Мұндай зорлық-зомбылыққа тұрғындар қол жинап, жауға қарсы соққы беру үшін елге жастайынан танымал Жанқожа батырдың төңірегіне топтасады. Ол 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барады. Онда ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кезде батырдың жұрты Қарақұмды жайлап, Ырғызда қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісінде орналасқан әкімдері халықтан жинайтын салықтан бөлек озбырлықтарымен де ызаландырады. Сол себеппен олар бассыздыққа қарсы тұрып, қамалды алуға бекінеді.
Ұлтына қорған болған Жанқожа батырды халық әулие санаған. Алшын – Қаракесек – Әлім – Шекті Кішкене – Құттық аталығы да, түп нағашысы да батырлар әулеті қатарында деседі. Деректер бойынша атасы Киікбайдың бәйбішесі, батырдың әжесі Тәжі Тама Есет батырдың қызы болған екен. Жанқожа батыр бүкіл өмірін туған жері мен елі Хиуа мен Қоқан билеушілерінің зорлық-зомбылығынан, орыстардың озбырлығынан қорғаған. Осы мақсатта 1841 жылы Кенесары ханмен бірігіп, Созақ бекінісін алатын шайқасқа Сыр бойынан атақты батырларды ертіп барады. 1842 жылы үзеңгілес досы Ақтан батырмен Хиуа бегі Бабажан сарттың қамалын Бесқала бекінісін талқандайды. Ақтан батыр Бабажанды жер жастандырып, жергілікті тұрғындардың кегін қайтарады. Бұдан кейін Хиуа хандығының күші әлсірей бастайды.
1847 жылдан бастап Орынбордың генерал-губернаторлары, орыс зерттеушілері Жанқожа батырмен санасып, оның өмір жолы мен ерліктерін қағаз бетіне түсіре бастайды. Осылайша мағлұматтар жинау барысында батырлығы мен ел алдындағы беделіне бас иген. Осы жылдары Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлері жергілікті жұртқа тиіспейміз деген бастапқы келісімді бұзады. Әскерилер бейбіт ауылға тістерін батыра бастайды. Бұған ашынған Жанқожа батыр елді көтеріліске бастап шығады.
Ол 1856 жылы орыс әскерлері шоғырланған Қазалыны қоршап алады. Талай рет қарсыластарға шабуыл жасаған оның сарбаздарының құрамы 5 мыңға жетеді. Дегенмен көтеріліс ошағын басу мақсатында зеңбірекпен қаруланған атты әскер күш басымдылығымен батырды Қызылқұмға шегінуге мәжбүр етеді. Ресей қыспағынан қаймықпаған азаттық күресі жеңіліспен аяқталғанымен Жанқожа Нұрмұхамедұлы соңғы демі қалғанша Ресей, Хиуа мен Қоқан билеушілері күшін мойындамаған. Үш жақты күрес жүргізіп, ешқайсысына бас имей кеткен. Хас батыр өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел, халық алдындағы парызын адал атқарған өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, халық алдындағы парызын адал атқарған. Озбыр да өктем жауға қарсы азаттық туын көтеріп, өмірінің ақырғы күндеріне дейін аттан түспеген батырдың аңсаған арманына бүгінгі ұрпақ жетіп отыр.
Бүкіл қазақ халқының мақтанышы, айбынды батыр, даңқты қолбасшы есімі ел жадында мәңгі жаңғырмақ. Бұл күндері оның құрметтіне салынған кесенеге жер-жерден жеткен келушілер рухына құран бағыштап, зиярат етеді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
09 маусым 2020 ж. 1 779 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930