Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолөнер – өшпес мұра

Қолөнер – өшпес мұра

Қолөнер – ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығы. Ол – талай тарихи кезеңнен өтіп, түрленіп жаңарып, атадан балаға қалған мұра болып жеткен дәстүрлі өнер. Оны үйренген жас үлкен рухани эстетикалқ тәлім алып, өнер әлеміне қанат қағады. Жақында ата-баба ізін жалғай отырып, бүгінгі буынды қолөнер шеберлігіне баулу мақсатында Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық қолөнер – ұлттық мұра» атты көрме-жәрмеңке өтті.

«Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығының «Креативті HUB» жобасы аясында өткен іс-шараға кенттегі білім ошақтарының жас ұстаздары мен оқушылары қатысты. Онда шеберлер көрмеге келген жандарға қолөнер және қылқалам туындыларын, зергерлік жұ­мыс­тарын ұсынды.
Шараға Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Берікұлы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Арман Әуез бен «Атамұра» ардагерлер халық ансамблінің мүшелері, кәсіпорын қызметкеткерлері қонақ болды.
Өз туындыларын таныстырған оқушыларға, жетекшілеріне кент әкімі ыстық ықыласын білдіріп, жас шеберлерге шығармашылық шабыт тіледі.
– Халқымыздың барлық ұлттық құндылығы сияқты қазақтың қолөнер бұйымдары да – ұрпаққа мұра және мақтаныш. Адам қиялының шексіздігін қолының ісмерлігі-ұсынақтылығымен көркем өнерге айналдырып, тұрмыстық қажеттілікке тұтынатын мүлік әзірлеу – бабадан жалғасқан асыл өнер. Міне, бүгінгі шарада осынау өнерді жалғап келе жатқан жастарды көру көңілімізге қуаныш ұялатты. Баршаңызға алғысымды білдіре отырып, шығармашылық шабыт тілеймін, – деді кент әкімі.
Мұнан соң мұғалімдер мен оқушылар жасаған бұйымдармен танысып, ағаштан ойып жасалған ұлттық аспаптар, күйдіру жолымен салынған суреттер, түрлі тігінді қолөнерлерді тамашалады.
Көрме-жәрмеңке қортындысында Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің директоры Нұрлыбек Сүлейменов қатысу­шыларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғани Дармағамбеттің «Алғыс хатын» табыстады.

Серік АҚМЫРЗА
28 қаңтар 2025 ж. 257 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930