Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыс Қазақстанда 1 300-ден астам адам қызылшамен ауырған

Батыс Қазақстанда 1 300-ден астам адам қызылшамен ауырған

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 1 302 адамның қызылшамен ауырғаны тіркелді.
Фото: iStock
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың Kazinform тілшісіне мәлім еткеніндей, бұл көрсеткіш 2023 жылмен (477) салыстырғанда, 2,7 есеге өскен.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. 
- Науқастардың 822-сі немесе 63,1 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 164-і немесе 12,5 пайызы – 1 жасқа дейінгі сәбилер. Қызылша облыстың барлық ауданында тіркелді. Оның басым бөлігі Орал қаласында, мұнда облыстық көрсеткіштен жоғары, - дейді Н.Мұстаев.
Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, қызылшаның өсуі мен таралуының негізгі себебі – медициналық қарсы көрсетілімдер мен профилактикалық егуден бас тартудың салдарынан тұрғындардың иммундық қабілетінің төмендеуі. Қызылшаға күдікті жағдайлардың бәрі зертханалық тексеріліп, барлығы сол жолмен расталды. 
Маманның мәлімдеуінше, қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Вирус сыртқы ортаға ауырған адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде, түкірікпен бөлінеді. Инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Дерт суық тию белгілерімен басталады. Дене қызуы 38-40 градусқа көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Адамның тәбеті болмай, жөтеліп, мұрны бітеледі. 
- Қызылшаның алдын алудың ең тиімді, сенімді және баламасыз жолы вакцинация екенін еске саламыз. Қызылшаға қарсы егу – вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет қалыптастырады. Ең алғашқы вакцинация балаларға 12-15 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егу тұрақты иммундық қорғанышты қалыптастырады. Науқаспен қарым-қатынаста болған 30 жасқа дейінгілер қосымша егіледі, - деді Н.Мұстаев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 300-ден астам адамның туберкулезге шалдыққанын жазған болатынбыз.

23 қаңтар 2025 ж. 169 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30