Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұшпа доптың ұшқырлары

Ұшпа доптың ұшқырлары

Волейбол десе, жанын беріп ойнауға құмартып тұратын адам аз емес шығар, сірә? Баланы мектептен бастап шынықтыратын бұл спорт көпшіліктің сүйікті ойыны. Тарихын парақтасақ, волейболдың елімізге келгеніне көптеген жылдар болған. Сол аралықта жеңісті күндердің куәсі болып, спорттағы бұл ойынның беделі артқан.
Волейбол – ағылшын тілінен аудар­ғанда «тор үстіндегі доп» дегенді білдіреді. Сондықтан оны «тордоп» деп қазақшалап қолданған кездеріміз де болған екен. Ағылшындар алғаш рет қол добы деп ойлап шығарған бұл спорт түрі бүгінде кеңінен таралып, Олимпиада, Еуропа, Азия чемпионаттары, халықаралық жарыстармен қатар әр елде ішкі чемпионаттар дәстүрлі түрді өткізіліп келеді.
Қазақстанда волейбол сонау ХХ ғасырдың 60-70 жылдары асқан қарқынмен дамып, қол добы ойынының алтын кезеңнің бірі болғанын тарихтан білеміз. Сонау 1929 жылы Қазақстанда тұңғыш рет Алматы мен Фрунзе (Қырғыз КСР) қалаларының командалары арасында волейболдан кездесу өтіп, тарихта алтын әріппен таңбаланып қалды. Алпысыншы жылдардың соңына таман Алматының «Буревестник» командасы Еуропаны таңғалдырып, әлем назарына ілікті. Кіл мықты спортшылар жиналған осы спорттық ұжым 1967 жылы КСРО халықтарының спартакиадасында қола жүлдегер атанса, келер жылы күміс медальді олжалады. Ал 1969 жылы топ жарып, ел чемпионы атанды. 1970 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Осындай үлкен жетістіктердің әсері Қызылорда облысындағы волейбол әлеміне де серпін беріп, Сыр өңірі спортшыларының шыққан биігі аз болмады. Өңірдегі өрістеу 1951 жылы қалаға қызметтік жолдамамен Ленинград қаласынан келген спорт шебері Александр Ильич Бирюковпен байланысты. Сол жылы 26 жасқа енді шыққан жігіт бұған дейін КСРО-ның жастар құрамасының сапында шыңдалып келген. Қалалық спорт комитетінің бастығы қызметінің тізгінін ұстаған ол осы спорт түрін өрістетуге бірден кіріседі. Қала мектептерінде, парктерде, мекемелер маңында волейбол алаңдары пайда болып, оған құмартушылар қатары бірте-бірте молая түседі.
Міне, содан бері волейболдың дәурені артып, талай жеңісті күндер жалғасын тапты. Бүгінде әрбір аудан, ауыл-аймақ, елді мекеннен топ жарған жастар өңіріміздің мерейін асырып жүр. Жақында ғана ақжолтай хабардың куәсі болып едік. Онда волейболдан 2006-2007 жылы туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс құрама командасы жүлделі ІІ орын иеленді. Команда сапында ойнап, жеңіске жеткен жерлестерімізбен байланысып, аз-кем әңгімелескен едік. Аудан мерейін асырып, ептілігімен көзге түсіп жүрген спортшылардың бірі – Нариман Сәбитұлы. Ол 2006 жылы Қашақбай Пірімов ауылында дүниеге келген. Қазмұхамед Күлетов атындағы №92 орта мектепте оқып, түлеп ұшады. Қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алуда.
– Бұл спортқа 4-сыныпта келдім. Оған басты себепші болған мектептегі мұғалімдерім әрі жаттықтырушыларым Марат Мамаев пен Сәбит Шүленбаев ағайларымды атап өткім келеді. Жалпы мен спортпен шұғылданғанды, волейбол, теннис ойнағанды ұнатамын. Үнемі сергек, шаршамай жүресің. Отбасым маған волейболмен шұғылдануыма өте жақсы қолдау білдірді. Өйткені әулетімізде спортшылар көп, менің де спортшы, оның ішінде волейболист болғанымды қалады. Бұйырса мұнымен тоқтамай мықты-мықты жарыстардың жүлдегері болып, үлкен лигадағы клубтарда өнер көрсеткім келеді, – дейді Нариман Сәулет.
Ал Ғазиз Жаңабайұлы 2007 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Қ.Пірімов ауылындағы №92 орта мектепте 11-сыныпта оқиды.
– Волейболға 8-сыныптан бастап қатыса бастадым. Бізде волейбол өте жақсы дамыған. Қызығып жүріп, ойнай бастаған соң спорт әлеміне қадам бастым. Солай қазір түрлі жарыстарға қатысып, команда болып бақ сынап жүрміз. Алға қойған жоспарларым өте көп. Соның бірі өзімді шыңдап, осы спорт түрінен кәсіби деңгейде өнер көрсеткім келеді. Волейболға ауылымыздың жастарын тәрбиелеген Марат Мамаев пен жаттықтырушым Сәбит Шүленбаев ағайым. Өзім оқып жатқан мектеп командасының сапында ойнап, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Мектеп оқушылары арасында аудандық спартакиадада 2021, 2022, 2023 жылдары жүлделі І орын, 2024 жылы ІІ орынды иелендік. Мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі күзгі облыстық спартакиадада аудан командасының құрамында ойнап, 2022 жүлделі ІІ орын, 2023 жылы ІІІ орынға қол жеткіздік. 2023 жылы наурыз айында Шиелі ауданында спорт мектептерінің 2007-2008 жылы туған жастар арасындағы облыс біріншілігінде «Үздік тосқауылшы» номинациясымен марапатталдым. Күні кеше ғана Орал қаласында волейболдан 2006-2007 жылы туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс құрама командасының сапында ойнап жүлделі ІІ орын иелендік. Осы жарысқа дайындық жаттығуларын өткізіп, апарған волейболдан облыстың аға жаттықтырушысы Қуаныш Рахатов және «Қайсар» волейбол клубының директоры Абай Дәуітов ағайларыма алғысымызды айтамын. Республика чемпионатына шығарып жүрген Нұрсұлтан Байжан ағайымды да айта кеткім келеді, – дейді ҒазизДосқожа
Иә, волейбол – ең қарапайым, өрнекті ойын. Көп шығынды да қажет етпейтіні бар. Сондықтан, оның бұқаралығын арттыруға мүмкіндік көп. Бастысы, ынта керек. Ал бүгінгі біз жазған кейіпкерлеріміз жас та болса ойын алаңында от болып лапылдап жүр. Ойыншылар діттеген мақсатына жетіп, үлкен лигаларда топ жарсын дейміз.
Айнұр ӘЛИ
21 қаңтар 2025 ж. 86 0

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 55

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 87

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 49

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 48

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031