Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіс шыңын бағындырған

Жеңіс шыңын бағындырған

Биыл 02-11 қаңтар күндері Алматы облысы, Талдықорған қаласында, волейболдан 2008-2009 жылы туылған жасөспірім ұл балалар арасындағы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті.
Нәтижесінде Қызылорда облысының құрама командасы қола жүлдегер атанды. "Сегіз қырлы, бір сырлы" деген атауға сай келетін жігіттер қатарында Қазалыдан түлеп шыққан жерлестер көптеп кездеседі.
Атап айтқанда, Қызылорда облысының құрама командасының ішінде Қазалы спорт мектебінің волейбол бөлімшесінің спортшысы Ермахан Аслан да бар.
– Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру сынды жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады, – дейді Ермахан Аслан.
Спорт мектебіндегі волейбол бөлімшесінің спортшысы Ермахан Асланды және жаттықтырушысы Байжан Нұрсұлтанды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы болатын жарыстарына сәттілік тіледік.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 қаңтар 2023 ж. 520 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031