Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қысқы волейболдан Азия чемпионаты өтеді

Қазақстанда қысқы волейболдан Азия чемпионаты өтеді

Азия волейбол конфедерациясы Қазақстанда қысқы волейболдан алғашқы Азия чемпионатын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл турнирдің азиялық нұсқасы 2022 жылдың ақпан айының соңына жоспарланған. Қысқы волейбол жарыстарын Өскемен немесе Нұр-Сұлтанда өткізу қарастырылады.
Қазақстан құрамасының аталған спорт түрі бойынша жарыстарға қатысу тәжірибесі бар. 2018 жылдың желтоқсан айында Мәскеуде еліміздің әйелдер командасы қардағы волейболдан Еуротурдың үздік бестігіне кірді.
«Халықаралық волейбол федерациясы өзінің талаптылығын жасырмай, қысқы және жазғы Олимпиада ойындарында ұсынылатын әлемдегі алғашқы федерация болуға ұмтылады», дейді Қазақстан Волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев.
Оңтүстік Кореяда қысқы Олимпиадада волейболдың болашақ олимпиадалық спорт түрі ретінде тұсаукесері өтті. Қазір бұл спорт Еуропа елдерінде өте танымал.


10 қараша 2021 ж. 923 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 127

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031