Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтынай алар асу көп

Алтынай алар асу көп

Несін жасырайық, аудан атын танытатын, көк байрақты биікке желбірететін спортшылар тәрбиелеп шығаруда №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің еңбегі зор.
Алдыңғысы былғары қолғап шеберлері, грек-рим, одан соң ауыр атлетика тұр деп айтсақ жарасады. Мұндағылар аз ғана уақыттың ішінде біршама жетістікке жетіп, көп назарын өзіне аударған. Тіпті көпшілік спорттың бұл түрінен алған асуға таңдай қағып, қол соққан. Ал осындағы жастардың басым көпшілігі нәзік жандылар. Арулардың шыққан шыңы әлде қайда биікте. Расымен қазалылық ауыр атлетші қыздар үлкен додаларда оқ бойы озып келеді. Оған аталған мектептің спортшысы, жерлесіміз Алтынай Тәңірбергенова ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс медаль иеленуі тағы бір мәрте дәлел болмақ. Қаршадай қыз 19 ел ішінен 200 спортшы бақ сынаған додада топ жарды.

– Жуырда Катар астанасы Доха қаласында өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлде иегері атандыңыз. Құттықтаймыз! Сол сәттегі алғашқы әсеріңіpбен бөліссеңіз...
– Дохадағы жарыс оңайға соқпады. Ол жерде бақ сынауымыз үшін жылға жуық үздіксіз дайындық жасадық. Қуанышымызға орай, төгілген тер мен адал еңбегіміз өз жемісін берді. Күміс жүлде бұйырды. Алдағы уақытта бұдан да үлкен сайыстарда бақ сынағым келеді. Көп рахмет! Туған елімнің, жерімнің маған деген қолдауы қатты білінді.
– Жалпы спорттың бұл түріне қалай келдіңіз? Бапкеріңіз кім?
– Бала күнімнен спортқа әуеспін. Жүкіру, секіруді де жаным сүйетін. Ауыр атлетикаға ата-анам әкелді. Спорт мектебінің табалдырығын аттағаннан-ақ әрбір спортшы секілді шынығып, үлкен шыңдарды бағындыруды мақсат еттім. Ал сол мақсатыма жету жолында маған демеуші болған, білікті маман, жаттықтырушым Азиз Жақсылық ағайымның еңбегі зор. Осы сәтті пайдалана отыра ағайыма және барша спорт саласында еңбек етіп, біз секілді жастарға мүмкіндіп беріп, жол ашып отырған азаматтарға алғысымды білдіргім келеді. Алдағы уақытта біз талай белесті бағындырып, асуларды алатынымызға сенімім мол.
– Зілтемірді қауырсынша көтерген қаршадай қыздың біз білмейтін қандай тұсы, өнері бар? Хоббиіңіз не?
– Көп уақытымды негізі осы ауыр атлетикаға арнаймын. Бірақ қол босай қалса, спорттан бөлек ән айтқан, би билеген де ұнайды. Сонымен қатар әрбір нәзікжанды секілді тігін тігуден де алыс емеспін.
– Кумиріңіз кім?
– Менің кумирім – әлемнің төрт дүркін чемпионы және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, қызылордалық Илья Илин ағамыз. Олимпиаданың алты дүркін алтын иегері болған ол әрбір ауыр атлеттің кумирі десек артық айтқандық болмас. Кейінгі буын үлгі тұтар тұлға, еліктеп, жолын қууды аңсап, арманын мақсатына айналдырар жастардың алдында Илья ағамыз секілді азаматтардың барына шын жүректен қуаныштымын.
– Келешекте өзіңізді қалай көресіз? Жалпы алға қойған арман-мақсатыңыз қандай?
– Әрбір спортты сүйген жан ретінде ең бір арманымның Алатауы болған – олимпиада ойындарына қатысу. Сондағы сайыстарда басып озып, ел қоржынын алтынға толтыру. Солайша елдің атын асқақтату, көк Туымызды биікте желбірету. Ол үшін аянбай еңбек етіп, біраз тер төгу қажетпін әрине.
– Алтынай, ашық сұхбатыңыз үшін көп рахмет! Сізге толағай табыс, алдағы спорт додаларында тек жеңіс тілеймін!
Әңгімелескен
Серік АҚМЫРЗА
14 қаңтар 2025 ж. 53 0

Дубайда жеңімпаз атанды

14 қаңтар 2025 ж. 26

Есірткі туралы ертегі

14 қаңтар 2025 ж. 78

Жақсы өнер – жігіт ырысы

14 қаңтар 2025 ж. 59

Алтынай алар асу көп

14 қаңтар 2025 ж. 54

Талаптыға табыс көп

14 қаңтар 2025 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031