Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мекеме қаражатын жымқарған азамат сотталды

Мекеме қаражатын жымқарған азамат сотталды

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Kyzylorda-news.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2018 жылы таратылған «Сырдария аудандық туберкулезге қарсы диспансері» МКК-ның есеп-шотындағы 8 200 000 теңге көлеміндегі қаржыны алдау жолымен жымқарған Б.Расилов есімді азаматтың жолын кесті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2023 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалынан МКК басшыларының атынан жалған сенімхат арқылы «әрекетсіздік мәртебесін есептен алу туралы» және «пайдаланушыны «Online bank» жүйесіне қосу туралы» банктік құжаттардың нысандарын ұсына отырып, банк филиалының автокассаларынан ақшалай қаражатты алып алғаны анықталды. Бұл өз кезегінде мемлекетке 8 200 000 теңге көлемінде ірі залал келтірді. Күдіктіге қатысты сот үкімі шықты.

Сотталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында материалды жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 4 (төрт) жыл мерзімге айыра отырып, 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Тергеп тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық өндірілді.

ҚР ҚМА Қызылорда
облысы бойынша ЭТД


10 қаңтар 2025 ж. 528 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 120

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 123

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930