Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігі 2) тармағымен айыпталған сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
2017 жылдың қарашасы мен 2018 жылдың сәуірі аралағында Әйтеке би кентінде алдын ала келісу арқылы тергеумен анықталмаған С.-мен бірге адамдар тобы болып Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" 12.01.2017 жылғы Заңына қайшы әрекетке барып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырып, лицензиясыз жүзеге асырған.
Сот отырысы барысында А. өз кінәсін толық мойындады.
Сот үкімімен А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 307 -бабы 2- бөлігі 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 600 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 443 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
24 шілде 2018 ж. 1 066 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031