Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 190 адамға несие рәсімдеген ұйымдасқан топ мүшесі сотталды

190 адамға несие рәсімдеген ұйымдасқан топ мүшесі сотталды

Фото: istockphoto.com
Ақтау қалалық сотында күдікке ілінген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Mangystaumedia мәліметінше, тергеу органы оны ұйымдасқан топқа қатысып, алаяқтық жасаған (ҚК 262-бабы 2-бөлігі, 190-бабы бабы 4-бөлігінің 1,2)-тармағы) деп айыптады.
«Сотталушы И. «Каспий Банк» АҚ-да банк қызметкері бола тұра, ұйымдасқан топтың мүшесі болып, өзіне жүктелген қылмыстық рөлді атқарып, 13 жәбірленушіге несие рәсімдеген. Сонымен ұйымдасқан топпен 177 жәбірленушіге несие рәсімделген.
Жәбірленушілердің аттарына несие рәсімдеу барысында ақшалай алынған қаражатты қылмыстық топ иемденген, нәтижесінде сотталушы И. жәбірленушілерге 41 237 252 теңге сомасында залал келтірілген», - деп жазылған соттың хабарламасында.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің жауаптарымен, автонесие рәсімдеген шарттарымен, ақша аударымдарымен және өзге де істегі материалдармен дәлелденді.
«И. ҚК-тің 262-бабының 2-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі 1,2)-тармағымен, 58- бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп жазылған Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
19 маусым 2024 ж. 150 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930