Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық

Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Мамандық таңдау дегеніміз өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандықты таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Менің жаныма жақын қалаған мамандығым – кітапханашы. Бұл мамандықтың қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теріп, білікті маман иесі болу бала күнгі арманым. Кітапхана – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты ізденімпаздықты талап ететін жауапты сала.

Мектеп бітірген жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтының «кітапханашы – биб­лиограф» мамандығына түсіп, 1999 жылы бітірдім. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап №204 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып қызметке орналасып, 2002 жылдан бастап өз мамандығым кітапханашы қызметіне ауыстым. 2011 жылы аудандық орталық кітапханасына кітапханашы қыз­метіне ауыстым. Бұдан кейін Қызылорда облысындағы №9 қазақ-түрік лицейіне кітапханашы болып орналастым. Бүгінде Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейге кітапханашы қызметіне қабыл­дандым.
Кітапхана ол – біреуге жай керек емес қағаздар жиналған қойма, ал кей біреулер үшін өзін жайлы сезінетін, қиын жағдайда еш адамға бармай-ақ түрлі кітаптармен сырласып отыратын бөлек әлем. Мен үшін жұмыс орным өте қымбат. Кітапхана дүниеде ештеңеге теңес­тірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, білік­тіліктің киелі ордасы. Кітап­хана – оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауа­бын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Кітапханашының еңбегі қоғам мен мемлекеттің дамып, өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екенін ешкім жоққа шығара алмайды.

Жанаркүл САРСЕНБАЕВА,
№266 мектеп-лицейдің кітапханашы


30 қараша 2024 ж. 130 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930