Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандық таңдау маңызды қадам

Мамандық таңдау маңызды қадам

Мамандық таңдау өзің айналысқың келетін жұмысты ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Сондықтан қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек.Бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.
Мамандық сөзінің астарына үңілсек, латыннан шыққан бұл сөз «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар да болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер қауымы жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Бастысы, кез келген еңбек мамандық емес. Ал еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар. Мәселен, бірінші маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екінші, еңбекке сай ақының төлену қажеттілігі.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат қажет. Ал шынайы жасалған жұмыс қана нәтиже бермек. Яғни мамандық ол әрбір адамның сүйікті ісіне айналуы керек. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан рахат алады.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар. Сол секілді өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Осы орайда Абайдың: «Сен де бір кірпіш дүниеге,тетігін тап та,бар қалан»деген ұлы сөзі есімізге түседі. Осы бір қасиетті сөз адамды жігерлендіріп,мақсатқа жетелейтіні сөзсіз. Сондықтан мамандық таңдауда қателікке бой алдырмай, әр адам тұлға болып қалыптасуы үшін болашағына байыппен қарауы қажет.

Оңдабай САХИТЖАНОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы №204
орта мектеп директорының
бағдарлы оқыту орынбасары
04 желтоқсан 2022 ж. 977 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031