Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талантты таэквондошылар тәрбиелеген

Талантты таэквондошылар тәрбиелеген

Қазіргідей қимыл аз уақытта спортпен шұғылданудың маңызы зор. Өзіңді еркін сезініп, денсаулығыңның нығаюына да септігі мол. Сондықтан да болар бұл күні жасөспірімдер түрлі спорт үйірмелеріне барады. Таэквондомен шұғылданатын жастар да аз емес.

Мектеп жасындағы балаларды саламатты өмір сүруге тәрбиелеу – қазіргі заманның басты мақсаты. Табиғатта жан мен тән үйлесім таппай денсаулықтың да болмайтынын әрбір жас ұғынуы қажет.
Таэквондо – шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың бір түрі. Корей халқының ұлттық спорты ретінде мәлім. Таэквондошы әрқашан өз-өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы не нәрсе жасаса да ойланып барып орындайтын адам.
Тарихқа сүйенетін болсақ бұл спорт түрі. Корей елінің ежелгі Корё тайпасында пайда болған деседі. Оны Чхве Хон Хи атты әскер басшысы ойлап тапқан. Бұл спорттың ол кездегі мақсаты атты әскерлерді теуіп құлату және де 2-3 жауынгермен еркін соғысу болып көзделген екен. Ал қазіргі кезде Таэквондо спорт түрі болып танылады. Біздің Қазақ жеріне бұл спорт түрін Мұстафа Өзтүрік алып келген. Соның арқасында Таэквондо шеберлері көптеп шығып жатыр.
– Спорттың 10 түрі бойынша жұмыс істейміз. Негізгі мақсатымыз аудан тұрғындарын спортқа баулу және бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда бұл үйірмелер үшін, тұрақты түрде барлығы 818 адам шұғылданады. Оның ішінде Таеквондоға жас­өспірімдер қызығу­шылық танытуда. Олар екі ауысым негізінде, аптасына 3 рет келеді. Спорттық зал арнайы жабдықтармен қамтылған. Бұл спорт түріне барлығы 54 ұл және қыз балалар қатысады, – дейді Қазалы спорт клубының басшысы Нұртуған Өтегенов.
Оның айтуынша, алдағы жыл ішінде республикалық жарыстар­да өнер көрсету мақсатында тың­ғылықты дайындық жұмыстары жүр­гізілуде. Бұған дейін облыстық жарыс­тарда топ жарып жүрген спортшылар жетерлік екен.
Қазалы спорт клубы­ның жаттықтырушысы Серік Жиенбаев­тың айтуынша, таэквондо корейлік жекпе-жек өнері, ол «аяқ пен жұдырық жолы» дегенді білдіреді. Жекпе-жекте таэквондошылар аяқтарын көбірек пайдаланады. Соққылардың шамамен 70 проценті тебуден тұрады. Шеберлік деңгейі белгілі бір түсті белбеумен белгіленеді – қараға дейін. Таэквондода төрт пән бар. Спарринг, кешендер, өзін-өзі қорғау, заттарды (тақталарды) сындыру. Жарыстар мектеп, муниципалды, аймақтық, ресейлік және халықаралық деңгейде өткізіледі.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


30 қараша 2024 ж. 62 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031