Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОП-5: Қазақстан азаматтары көбіне қандай спорт үйірмелеріне барады

ТОП-5: Қазақстан азаматтары көбіне қандай спорт үйірмелеріне барады

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы қатысушысы көп спорт үйірмелері туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Еліміздегі адам көп баратын ТОП-5 спорт үйірмесі:
1-орында Қазақстандағы ең көп қатысушысы бар үйірме – футбол. 1 млн 63 мыңға жуық қазақстандық футбол ойнайды. Олардың қатарында аталған спортпен кәсіби түрде айналысатын қыз-жігіттер де бар.
Болашақ футбол әлемінің жұлдыздарын жаттықтырып, тәрбиелеп шығару үшін елімізде 17 мыңға жуық үйірме жұмыс істейді.
2-орында волейбол. Мектеп жасынан көбіміздің сүйікті ойынымызға айналған волейболмен біздің елде 766 мың адам айналысады. Қазақстанның барлық өңірінде жасөспірімдер мен ересектерге арналған 16 мыңға жуық үйірме жұмыс істейді.
3-орын – баскетбол. Қазақстанда командалық спорт түрлеріне қызығушылық өте жоғары. Мәселен, елімізде 562 мыңға жуық адам баскетболмен айналысады. Баскетболдың қыр-сырын үйрететін 11 738 үйірме бар.
4-орында жеңіл атлетика. Тарихы ерте заманнан бастау алатын жеңіл атлетика әлі күнге дейін танымалдыққа ие спорт түрі саналады. Елімізде 7380 үйірме бар және 384 мыңға жуық адам жеңіл атлетикамен шұғылданады.
5-орын - үстел теннисі. Үстел тенисі - жас ерекшелігі мен физикалық дайындығына қарамастан жалпыға бірдей қолжетімді спорт түрі. Бүгінде елімізде 8 мыңға жуық үстел тенисінің үйірмесі жұмыс істейді. 242 мыңнан астам адам аталған спорт түрімен айналысады.
Спорт жанкүйерлерінің қызығушылығы өте жоғары бокс үйірмелеріне 126 мыңға жуық адам қатысады. Ал дзюдомен 133 мыңға жуық спортшы айналысса, 116 мыңға жуық адам еркін күреспен шұғылданады.
03 сәуір 2023 ж. 278 0

Тәтті әлем

12 мамыр 2024 ж. 19

Келелі кездесу

11 мамыр 2024 ж. 46

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031