Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық әндер Instagram-нан жоғалып кетті: Министрлік түсінік берді

Қазақстандық әндер Instagram-нан жоғалып кетті: Министрлік түсінік берді

Көрнекі сурет
Әділет министрлігі қазақстандық музыкалық туындылардың Instagram-нан жоғалып кетуіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіден "Қазақстан авторлық қоғамы" (ҚазАҚ) атты ұйыммен жұмыс істейтін әртістердің әндері алынып тасталған. Бұл ұйым авторлық құқықтарды басқару бойынша қызмет көрсетеді. Белгілі болғандай, ҚазАҚ Meta компаниясынан, яғни Instagram иесінен, төлем мөлшерін арттыруды талап еткен. Ұйым келісім бар екенін мәлімдегенімен, егжей-тегжейлі ақпарат бермеген.

– ҚазАҚ қандай құқықтар мен қандай сома туралы айтып отырғанын түсіндірген жоқ. Қазіргі уақытта басқа ұйым да Meta-мен келісім жасауға мүдделі, тиісті сұрау жолданған. Мәселені шешу үшін тараптардың мүддесін ескере отырып келісім жасау қажет, – деп мәлімдеді министрлік informburo.kz порталына.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда осындай 15 ұйым бар, оның жетеуі аккредиттелген. ҚазАҚ 2020 жылдың 26 қарашасында бес жылға аккредитация алған.

– Аккредитация авторлардың мүддесі үшін келісімшарт жасау құқығын береді. Бірақ ұйымдар авторлармен келісім болмаған жағдайда да жиналған төлемдерді үлестіруге және төлеуге міндетті, – деп атап өтті ведомство.

Заңға сәйкес, мұндай ұйымдар жиналған роялтидің бір бөлігін өз шығындарын жабуға жұмсай алады, бірақ ол жалпы соманың 30%-ынан аспауы тиіс.
28 қараша 2024 ж. 144 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930