Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда БАҚ өкілдерін аккредиттеу талабы күшейтілмек

Қазақстанда БАҚ өкілдерін аккредиттеу талабы күшейтілмек

Фото: pixabay
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі "Ашық НҚА" порталында журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасын жариялады.

Аталған құжатта журналистердің іс-шара туралы тек аккердиттелген БАҚ бетінде ғана жариялауды талап етеді. Егер ақпарат екінші БАҚ-та немесе әлеуметтік желіде жарияланса, журналист аккредитациядан айырылуы мүмкін. ьСонымен қатар, журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тіркеуші ұйым айқындайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Одан бөлек, аккредиттеуші ұйым өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдау және қарау тәртібін, оның ішінде мерзімдерін белгілейді. Яғни, журналистің іс-шара туралы ақпарат алуын аккредиттеуші ұйым шешеді.

Одан бөлек журналист:
аккредиттелген мемлекеттік органдар мен ұйымдардан алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату
аккредиттеуші ұйым жүргізетін іс-шаралар регламентінің сақталуы
аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтауға тиіс.
19 шілде 2024 ж. 105 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930