Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламентте Халықаралық орыс тілі ұйымын құру мәселесі қаралып жатыр

Парламентте Халықаралық орыс тілі ұйымын құру мәселесі қаралып жатыр

Ulysmedia коллажы
Мәжіліске орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру шартын ратификациялау туралы заң жобасы түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заңының жобасы бойынша қорытынды әзірленетінін депутат Айгүл Құспан хабарлады.

– Аталған келісімшартқа Бішкекте қол қойылған. Ол орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды қарастырады. Ол халықаралық құқық субъектісіне ие болатын үкіметаралық ұйым болады. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай француз тілдерімен қатар БҰҰ ресми тілі мәртебесіне ие. Келісім тараптардың достығын, өзара түсіністігін нығайтуға бағытталған. Орыс тілін мемлекетаралық байланыс және коммуникация құралы ретінде ілгерілету қарастырылады. Комитет қорытынды әзірлеуге дайын, – деді Айгүл Құспан.

Құспан бұл мәселені бүгінгі күн тәртібіне енгізуді сұрап отыр.

ҰЙЫМ ЖАЙЛЫ

Былтыр қазанда Қазақстан атынан президент Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру жөніндегі келісімге қол қойған. Содан кейін шыққан Үкімет қаулысы жобасында "орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасы Парламент мәжілісі қарауына енгізілетіні хабарланған еді.

2022 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілін қолдау және дамыту бойынша халықаралық ұйым құру идеясын ұсынған. Ресей президенті Владимир Путин Тоқаевтың идеясы "Ресей оны қолдамай тұра алмайды" деді. Тоқаев 2023 жылғы Бішкектегі ТМД жетекшілері саммитінде орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы келісімге қол қоюды "тарихи шешім".
20 қараша 2024 ж. 182 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 105

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930