Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолда бар су ресурстарын ысырап етіп отырмыз – Еділ Жаңбыршин

Қолда бар су ресурстарын ысырап етіп отырмыз – Еділ Жаңбыршин

Еліміздің су қауіпсіздігі мемлекеттік басқару жүйесіндегі стратегиялық маңызды аспект.
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Су кодексі» жобасының концепциясын талқылау барысында Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин су мәселесінің өзектілігіне тоқталды.
«Еліміз су ресурстары тапшылығы бойынша ең жоғары елдер санатына жатады. Сонымен қатар, географиялық тұрғыдан алып қарағанда, бізде табиғи судың үлкен қоры жоқ және негізгі су айдындарының көздері шекаралас мемлекеттердің аумағында орналасқандықтан, біз барлық қолда бар су ресурстарын өте ысырапшыл және үнемді пайдаланбаймыз. Сондай-ақ суарудың тиімсіз әдістері, суару құрылымдары бұзылған және дренаж жүйелерінің болмауы, судың жоғалуына және суармалы жерлердің тұздануына әсер етуде. Су нысандарын өнеркәсіп кәсіпорындары мен қалалардағы коммуналдық қызметтер қарқынды ластап жатыр», - деді Еділ Терекбайұлы.

Депутат сондай-ақ бұл проблеманы шешу үшін жаңа Су кодексіне құқықтық тетіктер енгізу қажеттігін атап өтті. Себебі Мәжіліске «Су кодексінің» жобасы шикі болып кірді дейді. Қазірдің өзінде депутаттар тарапынан 500-ден астам ұсыныстар енгізілген.

Еділ Жаңбыршин келесідей ұсыныстар білдірді:

Депутаттар суды бөлу және есепке алу жүйелерін цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылды. Су ресурстарын цифрландырумен толық қамтылмауы еліміздің Су ресурстарын шынайы бағалауға және талдауға мүмкіндік бермейді. Су ресурстарының саны мен жай-күйін бақылау үшін заманауи мобильді жүйелерін пайдалану, судың сапасын уақтылы бақылауды қамтамасыз етеді, судың ластану проблемаларын ерте анықтайды және нақты шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Алайда, Сіздерге келесіні бір жақсы мекеме туралы айтып өтсем. Шымкент қаласындағы «Су ресурстары - Маркетинг» мекемесі қалаға беретін суды, қаладан шығатын суды тазалап, шаруашылықтарға беріп отыр. Қазіргі таңда мұндай кәсіпорын Қазақстанда жалғыз ғана. Дегенмен осылай суды үнемдейтін технологияларды қолдана алатынымыздың айқын көрінісі.
«Қазақстан Республикасы аумағының су қауіпсіздігі» санатын су нысандарын сақтау және қалпына келтіру, су үнемдеу және су үнемдеу туралы шараларды әзірлеу және іске асыру секілді өлшемшарттармен толықтыру ұсынылады. Бұл ретте климаттың өзгеруіне бейімделу мақсатында қуатты ресурс ретінде, шаруашылық айналымда тазартылған сарқынды суларды пайдалануды көздеу қажет. Мысалы ретінде, Ақтау қаласындағы Қошқар-Ата қалдық қоймасына жыл сайын шамамен 40 мың текше метр кәріз суы төгіледі.
«Бассейндік жоспарлар» жоғалу қаупі төнген жер үсті су нысандарын қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралармен толықтыру қажет. Бұл өз кезегінде Арал теңізінің және басқа су айдындарының мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі су тасқынына қарсы іс-шаралар және су тасқыны салдарын жою туралы кеңесте берген тапсырмасына сәйкес, жаңа Су кодексінің жобасында су тасқыны мен құрғақшылықты басқару саясатын, сондай-ақ барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жауапкершілігін, құқықтары мен өкілеттіктерін қайта қарау қажет. Осыған орай депутаттар оларды іске асыру жөніндегі құзыреттерді айқындай отырып, сулардың зиянды әсерінің алдын алу және жою секілді негізгі іс-шараларды әзірлеу туралы нормалар ұсынды.
Сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау кезіндегі іс-қимылдарды нақты регламенттеу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың су қорын қорғау және пайдалану саласындағы оларға жүктелген нақты функцияларды сақтауға мемлекеттік бақылауды көздеу қажет.
Еріген суларды және басқа көздерді пайдалану теңіздер мен көлдердің экожүйесін сақтауға, балықтар мен басқа да су организмдерінің тіршілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ биоәртүрлілікті сақтауға және табиғи тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Бұл нормаларда депутаттар ұсынды.
Бүгінгі таңда жұмыс тобы аясында Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар, ғалымдар, сарапшылар мен қоғам белсенділері арасында нақты диалог құрылғанын, біздің Отанымыздың игілігі мен қауіпсіздігі үшін бірлескен жұмыс жасайтынымызды түсіну және өзара әрекеттесу нүктелері бар екенін атап өткім келеді. Еліміздің су қауіпсіздігі мемлекеттік басқару жүйесіндегі стратегиялық маңызды аспект болып табылады және елдің ұлттық қауіпсіздігін, оның ішінде азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларының бірі болып саналады.
27 қараша 2024 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930