Қазақстанда 25 мыңнан астам жол белгілері жетіспейді
1 миллион шақырымнан астам жолға таңбалар салынуы қажетМәжіліс депутаттары Самат Мұсабаев пен Еділ Жаңбыршин Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында Қазақстандағы жол құрылысы саласын реформалау мәселелеріне тоқталды.
Депутаттар ұсынған мәліметке сәйкес, 2022 жылдың 8 айында республика жолдарында 9 430 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның нәтижесінде 1 480 адам қаза тауып, 12 400 адам жарақат алған. Оның ішінде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомобиль дәлізінде аталған мерзімде 317 жол көлік оқиғасынан 147 адам қаза тауып, 560 адам жарақат алған.
Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны Қарағанды, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында басқа өңірлермен салыстырғанда өте жоғары.
"Қазақстандағы автомобиль жолдарының инфрақұрылымын талапқа сәйкестендіру үшін жер үсті және жер асты өткелдері мен көпірлерден бөлек, 1 миллион шақырымнан астам жолға жол таңбалары, 25 мыңнан астам жол белгілері, 13 мыңға жуық сигнал бағаналары, 514 бағдаршам, 5 мың шақырым жолға жарықтандыру құралдары қажет", – делінген Amanat фракциясының өкілдері жолдаған депутаттық сауалда.