Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр тұрғынның ұсынысы маңызды

Әр тұрғынның ұсынысы маңызды

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет кезектілікке сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қабылдауға келген 20 азамат аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуы­на ықпал етуді сұрады.
Тұрғындардың басым көпшілігі тұрғын үй кезегі мен Әйтеке би кентінің бірқатар көшелеріне жарық орнату, жол салу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін жеткізген азаматтар да болды.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, түсініктеме берді. Көтерілген мәселелерді зерттеп, заңдылыққа сәйкес шешу жолдарын қарастыру жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырма жүктеді. Ал аудан орталығындағы бірнеше көшеге жарық орнату, жол салу мәселесіне байланысты аудан басшысы сол аймақтарға өзі барып көретінін және соған сәйкес жұмыс істелетінін жеткізді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
26 қараша 2024 ж. 178 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930