Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыспен күрес – басты назарда

Қылмыспен күрес – басты назарда

Жақында аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен жиында аудандық полиция бөлімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Жиынға Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Ерлан Ахметов, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, құқық қорғау саласының ардагерлері, бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Асылбай Аңсатов хабарлама жасап, атқарылған жұмыстарды кеңінен айтып берді.
Мұнан соң, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Рахымжан Алуашов пен Жанбол Шамшаев 2020 жылы әкімшілік аймақтарында криминогендік ахуал мен атқарған жұмыстары жайында қосымша хабарлама жасады.
Басқосуда облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп Жанқожа батыр кесенесіндегі келеңсіз жағдай мен учаскелік полиция қызметкерлерінің санын көбейту қажеттігін тілге тиек етті.
Өз кезегінде басқосуға арнайы қатысқан облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Ерлан Ахметов Жанқожа батыр кесенесіндегі ұрлыққа байланысты қылмыстық істі жеке бақылауына алатынын айтты. Сондай-ақ, жақында ғана осыған ұқсас жағдай Жаңақорған ауданында орын алғанын тілге тиек етіп, қылмыс дереу арада ашылғанын жеткізді. Ал, учаскелік полиция қызметкерлерінің қатарын көбейту көптен бері көтеріліп жүргенін айтып, алдағы уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу мен болдырмау мақсатында бірлескен жұмыстар тиісті деңгейде атқарылатынын жеткізді.
Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жол көлік оқиғаларын болдырмау бағытында патрульдік бақылауды күшейтіп, мал ұрлығын азайту бағытындағы жұмыстарды жандандыру тапсырды. Мұнымен қатар өткен жылғы пандемия кезінде полиция қызметкерлерінің қырағы қызметін атап өтіп, ерекше алғысын жеткізді.
Ж. Советұлы
30 наурыз 2021 ж. 2 647 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 123

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31