Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірдегі құқық бұзушылықтар саны 6 пайызға азайған

Өңірдегі құқық бұзушылықтар саны 6 пайызға азайған

Жыл басынан бері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үздіксіз жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі құқық бұзушылықтар саны 6 пайызға төмендеген. Оның ішінде ауыр санаттағы қылмыстар 13,6 пайызға, ауырлығы орташа қылмыстар 23,6 пайызға, ал мал ұрлығы 68 пайызға азайған.
Жергілікті полиция басқармасының айтуынша, жалпы қылмыстың ашылу деңгейі 9,9 пайызға жоғарылаған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ердаулет Жаукеев мәлімдеді.
– Бүгінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жол апатының алдын алу бағытында республикалық маңызы бар тас жолдарға түнгі уақытта жүргізушілердің назарын аудару мақсатында 6 дана жарқылдауық маяк пен 7 жерге бейнекамера, 10 дана қызметтік автокөлік макеттерінің муляжы және 9 жерге «Әкетай, асықпа», «Құрметті жүргізуші! Жылдамдықты шамадан тыс асырма» мәтінінде панолар орнатылды. Сондай-ақ, 7 аудан тұсына 2 данадан жылдамдықты автоматты түрде тіркейтін өлшегіш құралдар орнатуды жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, қазіргі таңда халықтың полицияға деген сенімі де артып келеді. Оған дәлел ҚР Президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік зерттеуі шеңберінде полицияға сенім дәрежесін анықтау бойынша халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде Қызылорда өңірі халқының полицияға деген сенімі 77 пайызды құраған,- деді Ердаулет Баянбайұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 қараша 2024 ж. 189 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 101

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 96

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 97

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 89

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930