Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тыныштық кепілі – талап пен тәртіп

Тыныштық кепілі – талап пен тәртіп

Жуырда Қазалы ауданының Полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асылбай Аңсатов халық алдында есеп берді. Бұл басқосуға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов қатысты. Полиция бөлімінің басшысы Асылбай Шудабайұлы 2023 жылдың 6 айлық қортындысымен аудан бойынша қылмыстық ахуал мен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
– Басты міндет – сапалы қызмет, халықпен етене жақын болып, қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау және олардың алдын алу шараларын қабылдау, – деп сөз бастаған А.Аңсатов: «Жалпы аудан көлеміндегі криминогендік ахуал тұрақты, атқарылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде, ағымдағы жылдың есепті мерзімінде қылмыстылық деңгейі 65-тен 63-ке яғни -3,1 пайызға төмендеген», – деді.
Оның айтуынша, кешкілік патрульдік бағыттарға шығатын қызметкерлер саны көбейтіліп, күнделікті түннің екінші жартысына дейін күшейтілген түрде тиісті профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Кісі өлтірудің және басқа да ауыр қылмыстардың алдын-алуда маскүнемдердің жиналуы мүмкін жалғызбасты аудан тұрғындарының тізімі жасалып, күнделікті учаскелік инспекторлармен бақылауға алынған. Қарақшылық, тонау қылмыстарының алдын-алу үшін ақша айналымын жүргізетін банк, пошта, ломбард, май және газ құю орындары зерделеніп, оларда дабыл сигналдары, бейнебақылау камераларының болуы, күзетшілермен толық қамтылуы бақылауға алынған.
Жыл басынан аудан көлемінде жолда жүру ережесін бұзған– 4865 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 2164 құқық бұзушыға 32,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 1706 құқық бұзушыдан 25,1 млн теңге өндірілген. Қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша барлығы 2420 құқық бұзушылық анықталып, 856 құқық бұзушыға 13,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 524 құқық бұзушыдан 9,03 млн теңгесі өндірілген.
Ал жолда жүру ережесін бұзған 2445 құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде 1308 құқық бұзушыға – 19,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 1182 құқық бұзушыдан 16,1 млн теңгесі өндірілген.
Жол апаттылығына тікелей септігін тигізетін жол қозғаласы ережесін өрескел бұзушыларды анықтау бағытында «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Мас жүргізуші қылмыскер», «Заңсыз қайта жабдықтау» «Құқық тәртібі» арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралары тұрақты өткізіліп келеді.
Ағымдағы жылдың 6 ай көлемінде көлік құралын масаң күйде басқарудың 27 дерегі анықталып, әкімшілік кодекстің 608 бабымен тиісті шаралар көрілсе, көлік құралдарын ешқандай құжатсыз басқарып жүргізгендіктері үшін 172 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 612 /автокөлікті құжатсыз басқарған/ және 230 /міндетті сақтандырудан өтпей автокөлік басқарған/ баптарымен хаттамалар толтырылып көлік құралдары ақылы айып тұрағына қойылды. Жалпы бүгінгі күнге дейін ақылы айып тұрағына әр түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 461 автокөлік қойылған.
– Келесі күрделі мәселенің бірі – мал ұрлығы. Бұл бағытта тоқсан сайын «Мал ұрысы» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізу тәжірибесі енгізілді. Мал ұрлықтарына тосқауыл қою мақсатында, бөлім аппаратының, учаскелік полиция инспекторлары және ветеринария қызметімен құрылған арнайы топтармен «Абай, Әлсейіт, Қарлан» көпірлерініңаймақтарына жылжымалы бекеттер қойылып, рейдтер жүргізіліп, тиісті құжатсыз мал тасымалдаған 5 жүргізушіге Әкімшілік кодекстің 406 бабымен шара көрілсе, қараусыз жүрген үй жануарларының иелеріне әкімшілік кодекстің 408 бабымен шара көрілді. Яғни, аудан ішінде тасымалдау үшін міндетті түрде «1-нысандағы» ветеринариялық анықтамасы және тасымалданатын малдың паспорты болу қажеттігін назарларыңызға саламын, – деді бөлім бастығы.
Сонымен қатар қоғамдық орындарда, көшелерде масаң күйінде жасалатын қылмыстардың алдын-алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты. 6 ай көлемінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200 бабымен /белгіленген уақыттан тыс уақытта алкоголь өнімін сату/ 5 дерек анықталып, 3 дерек бойынша лицензиялары уақытша тоқтатылды. Биылғы жылы қайталанған жағдайда олардың алкоголь өнімдерін сату лицензияларын айыруға жұмыс жасалатынғын ескертті.
– Өздеріңізге мәлім ауданда жергілікті атқарушы органдары басшылары, депутаттар, ауданның беделді азаматтарынан құрылған топтар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, түннің екінші жартысында кафелерде, жастар жиналған аумақтарда бірлескен профилактикалық жұмыстарға тартылуда. Қазіргі таңда, өзекті мәслелердің бірі маргиналды жастардың арасындағы құқық бұзушылық деректері. 2023 жылдың 6-айымен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүру деректері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлігіне сәйкес 195 дерек анықталып, олардың заңды өкілдеріне ЮПт-ң учаскелік инспекторларымен ескерту жасалды. Есепті мерзімде құқық бұзушылық жасағандары үшін бөлімге 245 кәмелетке толмаған жеткізілді. Бұл балалардың 237 құқық әкімшілік бұзушылық жасаған.
Сонымен қатар, жыл көлемінде бірнеше рет құқық бұзғаны үшін 4 кәмелетке толмаған тізімдік есепке қойылса, аудандық сотпен 3 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, 1 ата-ана ата-аналық құқығынан шектелді. Сондай-ақ, бейімдеу орталығына - 5 кәмелетке толмаған орналастырылған.
Топтық төбелестердің алдын-алу бағытында бөлім қызмектерлері мен облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп ауданда топтық төбелестің алдын алу бағытында біршама жұмыстар атқарылған. Төбелеске бейім мектеп жасындағы 35-жасөспіріммен профилактикалық түсіндірме жұмыстар жүргізілген. Сонымен қатар оқу орындарына оқушыларға, ата-аналарға жиындар өткізіліп, оларға видео роликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстар жасалған.
Бөлім бастығының баяндауынша, бұрын сотты болған тұлғаларды қайта қылмысқа жібермеу бағытында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, сотты болған тұлғалар үнемі мекен-жайларынан тексеріліп, профилактикалық мәні бар әңгімелесулер жүргізілген. Бөлімнің есебінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар санатында есепте тұрған 3 тұлға бойынша және басқа да профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жеке-жеке профилактикалық шаралар атқарылып, нәтижесінде 1 тұлға сот қаулысымен түзеу мекемесіне кері қайтарылған.
Отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында 91 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамлары шығарылып жәбірленушілердің қауіпсіздіктері қамтамасыз етілсе, отбасы жанжалы бойынша 11 тұлғаның мінез-құлықтарына аудандық сотпен ерекше талаптар белгіленіп, профилактикалық шаралар атқарылып, отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағытында әзірленген арнайы алгоритм парақшалар таратылған. Сонымен қатар, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша «Құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен жағдайларды жою туралы» ұсынымхат жолданып, шара қабылдамаған 3 лауазымды тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 479 бабына сәйкес шаралар көрілді.
– Осы жылдың 6 ай көлемінде 96 шетел азаматы тіркелген. Оның 90-ы Өзбекстаннан болса, Тәжікстаннан 1, Қырғызстаннан 1 және РФ-ның 4 азаматы жеке мақсатта келіп, тіркелген. Қазіргі уақытта ауданда нақты 50 шетелдік бар, 39-шетелдік еңбекші мигрант ретінде арнайы рұқсатын алған.
Жаз мезгілінде суға шомылу маусымында суға кету фактілерінің алдын-алу бағытында аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар да көрілуде.
Есірткі затын ірі мөлшерде сақтау дерегін анықтау мақсатында және қазіргі таңда өткізіліп жатырған «Қарасора – 2023» жедел профилактикалық іс-шарасына байланысты есірткіні егу дерегімен жан-жақты мәліметтер жинақталып, ауданымыздағы құзырлы органдармен, сондай-ақ, ауылдық округтерге бекітілген учаскелік полиция инспекторлары ауыл әкімдерімен бірлесіп ауылдық округтің сырт аймақтарына аралау жұмыстарын атқаруда. Қазіргі таңда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде есірткі егу дерегімен 5-факті анықталып, 7 күдікті құрықталып, оның 4-уі УҰИ-на қамауға алынды. Бұл іс төңірегінде тергеу амалдары жүргізілуде, – деді полиция бөлімінің бастығы.
Соңғы уақытта алаяқтық саны көбеюі алаңдатып отырғандығын жасырмаған бөлім бастығы Асылбай Аңсатов есепті мерзімде 8 дерек тіркелсе, олардың басым бөлігі интернет алаяқтығы екендігін атады. Биыл алаяқтық қылмыстарының ашылу көрсеткіші 66,7 пайызды құрап ашылу көрсеткіші былтырғы жылдан жақсарған.
Осы ретте алаяқтар, қысқа мерзімде қаражаттарын еселеп қайтарамын деп алдайтындығын, өзгенің сыртынан несие рәсімдеу тәсілдерін қолданатындығын, сонымен қатар соңғы уақытта көбейіп отырған «жақын адамдары қиын жағдайға түсті» деп, ақша сұрап алдаудың белең алғандығын алға тартқан бөлім бастығы тұрғындарды сақ болуға шақырды.
– Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында және құқықтық көмек көрсету орталығының ғимаратында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізіліп, тұрғындардың көкейінде жүрген әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар берілді.
Баяндаманы қорытындылай келе, көтерілген әрбір мәселе біз үшін өте маңызды, полиция қызметінің негізгі жұмыс критерийі. Сол себепті, жергілікті тұрғындар қауіпсіздігі үшін қолда бар күш-құралдарды барынша пайдаланып, аянбай қызмет атқаратын боламыз, – деген полиция бөлімінің бастығы аудандағы қоғамдық тәртіпті сақтауда Өздерінің үлестерін қосқан аудан тұрғындарын марапаттады. Бұдан соң кездесуге келгендер көкейдегі сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
22 шілде 2023 ж. 176 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 34

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 30

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930