Қазақстан 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан:
Жобаларға жалпы тікелей инвестициялар игеру басталғаннан бері шамамен $185 млрд құрады.
Болжам бойынша 2026 жылдан бастап ірі жобаларды іске асыру есебінен мұнай өндірудің жыл сайынғы көрсеткіштері 100 млн.тоннадан астам көлемде күтілуде.
Қарашығанақта 5-ші компрессор бойынша жұмыстар аяқталды, шикі газды кері айдаудың 6-шы компрессорын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл өндіру сөресін жылына 11-12 млн.тонна деңгейінде ұстауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар кен орнында қуаттылығы 4 млрд.м3 газды құрайтын газ өңдеу зауытын (бұдан әрі – ГӨЗ) салу жобасы іске асырылуда. Аяқталу мерзімі - 2028 жылдың соңы.
Жалпы алғанда, мұнай өндіруге салынған инвестициялар 2030 жылға қарай ірі кен орындарында шамамен $21 млрд құрайды".












