Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Қазақстанда 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Сурет: primeminister.kz
Мемлекеттік саясат әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру есебінен экономиканың тұрақты әрі теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттың маңызды элементтерінің бірі – жоғары өнімді және экспортқа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамыту.
Бүгінгі таңда Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізбесін бекітті.

Оларды жүзеге асыру бірқатар маңызды экономикалық нәтиже береді деп күтілуде:
ыстық брикеттелген темірді қайта өңдеу арқылы болат құю өндірісін 100% шикізат базасымен қамтамасыз ету (2 млн тоннаға дейін);
жаңа өндіріс орнын ашу және қолданыстағы өндірісті жаңғырту, бұл болат өндірісін жылына 3 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді;
мұнай өңдеу көлемін жылына 18 млн тоннадан 24 млн тоннаға дейін арттыру және мұнай өнімдерін өндіруді жылына 13,4 млн тоннадан 19 млн тоннаға дейін ұлғайту үшін мұнай өңдеу қуаттарын жаңғырту;
импортты алмастыру шеңберінде калий тыңайтқыштарын өндіру (толық өндірістік қуаты іске қосылған кезде – жылына 6 млн тонна);
жылына 1 250 мың тоннаға жуық полиэтилен өндірісін іске қосу, бұл ішкі сұранысты қанағаттандыруға және логистика, сауда, азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс пен әскери-өнеркәсіптік кешен салаларында экспортты қолдауға мүмкіндік береді;
жылына шамамен 735 мың тонна полиэтилентерефталат өндіру, бұл ішкі сұранысты жабады және экспортты қамтамасыз етеді (ішкі сұраныс – 77,4 мың тонна, экспорт – 657,6 мың тонна);
химия өнеркәсібі өндірісін әртараптандыру үшін жылына 577 мың тоннаға жуық карбамидтің жаңа өнімін шығару;
екі зауытта жылына 160 мың автокөлік шығару арқылы автомобиль өндірісін локализациялауды 10%-дан 50%-ға дейін арттыру;
туризмді кластерлік дамыту (сауда, көлік және қызметтер), бұл іскерлік және инвестициялық қызметті ынталандыруға жол ашады;
қосылған құны жоғары азық-түлік өнеркәсібі өнімдерінің экспортын ұлғайту (өндіріс: 352 мың тонна желімтек, 110 мың тонна крахмал, 30 мың тонна глюкоза, 45 мың тонна фруктоза).
Аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, экспорт 6 трлн теңгеге артады және 1,5 трлн теңгеден астам сомаға импорт алмастырылады.

Сондай-ақ бұл шаралар жоғары технологиялық өндірістерді құруға, жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруға және отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттар жасасуға ықпал етеді.
28 тамыз 2024 ж. 117 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930