Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күннің ерте батуына байланысты сабақ уақыты қысқаратыны рас па?

Күннің ерте батуына байланысты сабақ уақыты қысқаратыны рас па?

Фото: Midjourney
Мессенджерлерде күннің ерте батуына байланысты сабақ уақыты қысқаратыны туралы ақпарат тарады. Massaget.kz бұған қатысты Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдады. Ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды. 
"2-ауысым оқушылары сабақтан тарағанда күн өте қараңғы болуына байланысты сабақ ұзақтығы уақытша 40 минутқа ауыстырылды", - делінген тараған ақпаратта. 
Оқу-ағарту министрлігі Massaget.kz бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 
"Сабақ уақыттарын заң бойынша жергілікті орган шешеді. Себебі аяз немесе түрлі ісшара секілді түрлі жағдай болады", - делінген жауапта.
Оқу-ағарту министрлігі өкілдері күннің ерте батуына байланысты сабақ уақыты қысқарату жоспарда жоғын айтты. 
Бұл хабарлама Астанадағы ата-аналар чатында тараған. Редакция Астана Білім басқармасына сауал жолдады.   
"Астана қаласының Білім басқармасы қысқы уақытта сабақтардың ұзақтығын қысқарту туралы бұйрық шығармады. Сол себепті, сабақ уақытын қысқарту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - деп жауап берді ведомстводағылар. 
Еске салайық, 2024 жылғы 1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бірақ тұрғындардың басым көпшілігі бірыңғай уақыт белдеуі кері әсер етіп жатқанын айтып, петиция жинады. 
Кейін Үкіметте уақыт белдеуіне қатысты дауға нүкте қойылды. 
Премьер-министр Олжас Бектенов неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырды.
"Сауда министрі қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдер келтіре отырып, нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі бесінші уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан бұл - ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім", - деді Бектенов.

25 қараша 2024 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930