Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мектептегі ережелер өзгереді

Қазақстанда мектептегі ережелер өзгереді

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты бұйрықты көпшіліктің талқылауына шығарды. Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланды. Онда енді оқушы мектептен тыс жерлерде жүрсе, жауапкершілік ата-ана мен өзге де заңды өкілдерге жүктелетіні айтылады, - деп хабарлайды massaget.kz.
"Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі", - делінген өзгерісте.
Сонымен қатар, оқушы сабақ үстінде тәртіпсіздік жасаса, оны сыныптан шығарып жіберуге рұқсат етілмейтіні айтылған. Яғни білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ, ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді.
Айта кетейік, бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сонымен қатар, 28 наурызға дейін көпшіліктің жария талқылауында болады.
Еске салайық, бұған дейін сабақ үстінде оқушы мен мұғалімге ұялы телефон пайдалануға тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған болатын. 

10 наурыз 2023 ж. 869 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 111

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 114

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 114

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 112

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 118

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 110

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031