Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер Қазақстанның 14 өңірінде ескерту жариялады

Синоптиктер Қазақстанның 14 өңірінде ескерту жариялады

фото: Halyq Uni
"Қазгидромет" еліміздің 14 облысында ауа-райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Синоптиктердің болжамынша, 18 қазанда Жамбыл облысында таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда түнде және таңертең тұман болады, түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік болады. Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.

Сонымен қатар ертең Абай облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 18-19 қазанда түнде 2 градус үсік күтіледі. Сол сияқты Қостанай, Алматы, Қарағанды, Ұлытау облыстары мен Алматы қаласында тұман түседі деп болжам бар.

Ал Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қаласында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Бұл күні Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

18 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 18 қазанда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Бұған қоса, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.:18 қазанда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.


18 қазан 2024 ж. 34 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031