Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пәкістандағы тәртіпсіздіктер: үш күнде 82 адам қаза тапты

Пәкістандағы тәртіпсіздіктер: үш күнде 82 адам қаза тапты

Фото: bbc.comПәкістанның солтүстік-батысында орналасқан Куррам ауданында сүнниттер мен шииттер арасында діни қақтығыстар күшейді. Үш күн ішінде 82 адам қаза тауып, 156 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC сайтына сілтеме жасап.
«21 қараша күні шиит мұсылмандардың екі керуені полицияның қорғауымен жүріп келе жатқан кезде қарулы шабуылға ұшырағаннан кейін жағдай шиеленісе түсті. Шабуылдар мен қақтығыстар салдарынан 82 адам көз жұмды. Олардың 16-сы сүнниттер, ал 66-сы шииттер», — деп жазады басылым AFP сайтына сілтеме жасап.
Куррам ауданындағы шииттер мен сүнниттердің жер дауына байланысты ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан қақтығыстар жағдайды ушықтырды. Жергілікті билік шииттер мен сүнниттердің басшыларымен келіссөздер бастады.
Алайда келіссөздер жүргізуге келген делегация тікұшағы аймаққа қонған сәтте оқ астында қалды, деп мәлімдеді Пешавар қаласының қауіпсіздік қызметкері.


24 қараша 2024 ж. 250 0

Бақытқа бөлеген мекен

10 қазан 2026 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031