Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанда 6 айда 1,6 мың адам қақтығыста қаза тапты

Ауғанстанда 6 айда 1,6 мың адам қақтығыста қаза тапты

Елдегі жағдай АҚШ пен НАТО өз әскерін ресми түрде шығара бастағаннан кейін шиеленісе түсті. Ауғанстандағы әскери іс-қимылдар кезінде соңғы алты айда 1,6 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, мыңдаған адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz БҰҰ-ның мәліметіне сілтеме жасап.
«2021 жылдың бірінші жарты жылдығында Ауғанстанда зардап шеккен бейбіт тұрғындардың саны рекордтық деңгейге жетті. Мамыр айынан бері қаза тапқандардың саны да өсті. Бұл елден халықаралық әскери контингент шығарыла бастағаннан кейін, «Талибан» қозғалысы әскери белсенділігін арттырды», – деп жазылған ұйымның мәлімдемесінде. Нақтырақ айтқанда, 6 ай ішінде 1 659 адам өлтіріліп, 3 254 тұрғын жарақат алған. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 470%-ға жоғары. Ауғанстандағы жағдай 1 мамырда АҚШ пен НАТО өз әскерін ресми түрде шығара бастағаннан кейін шиеленісе түсті. Елдегі «Талибан» қозғалысы күшейіп, содырлар бірқатар аумақты басып ала бастады. 22 шілдеде «Талибан» өкілі Забиулла Мужахед қозғалыс ауған шекараларының 90%-ын бақылауына алғанын мәлім етті.

26 шілде 2021 ж. 690 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930