Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді

Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды", - делінген жазбада.
Уәлидің сөзінше, Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.
"Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын", - деп жазды Берік Уәли.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин қарашаның 19-ы күні Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға жасалған шабуылдарға, сондай-ақ Украинадағы әскери-өнеркәсіптік нысанға жасалған жауап соққыға қатысты пікір білдірген еді.
Ресей президенті Владимир Путин теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Днепрдегі баллистикалық зымырандық шабуылдың Ресей аумағына жасалған ATACMS және Storm Shadow зымырандық шабуылдарына жауап болғанын айтты.
22 қараша 2024 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930