Еліміз туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалық орталығы болуға ниетті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ДДҰ инфекциялық аурулар, қоршаған орта және денсаулық бөлімінің директоры Робб Батлермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар Қазақстанда «Туберкулез індетін жоюға арналған ДДҰ үздік практикалар орталығының» ашылуын талқылады.
Ел ДДҰ Еуропалық бюросының ұсыныстары мен жаһандық мақсаттарына жоғары міндеттеме көрсете отырып, туберкулезге қарсы күресте айтарлықтай ілгерілеушілік көрсетуде. Сырқаттанушылық пен өлім деңгейі төмендейді, бұл осы инфекцияны диагностикалау, емдеудің және профилактиканың ең жақсы стандарттарын енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Ведомство басшысы Туберкулезді жою ісіндегі шешімді одан әрі нығайтуға, елдер арасында тәжірибе алмасуға, Орталық Азияда ғана емес, ДДҰ-ның Еуропалық өңірінде де диалог пен қызметті үйлестіруге ықпал ете отырып, Қазақстан орталық ашу үшін ең жақсы алаң болатынына сенім білдірді.
Кездесу Күн тәртібінде сондай-ақ, бүгін Астанада өтіп жатқан ДДҰ, БҰҰ, ЕО өкілдерінің қатысуымен «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және адам, жануарлар мен қоршаған ортаның өзара іс-әрекеті арқылы мүмкін болатын шешімдер» атты екінші әріптестер форумы талқыланды.
Қазақстанның денсаулық сақтаудың негізгі бағыттары бойынша жетістіктерін атап өтіп, Робб Батлер мырза Арал өңірі саласындағы халықтың денсаулық көрсеткіштеріне әсер ететін экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі елдік бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.
Кездесудің соңында тараптар экологиялық факторлардың азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына әсер етуінің жағымсыз салдарын азайту мақсатында өзара іс-қимылды күшейтуге және стратегиялық тәсілдерді әзірлеуге келісті. Сондай-ақ, иммундау арқылы инфекциялардың профилактикасын нығайту мәселелерінде түсіністік пен қолдау табылды.