Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина қызметкерлерінің жалақысы артады – Смайылов

Медицина қызметкерлерінің жалақысы артады – Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесіп, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін және Қазақстанның медицина саласындағы халықаралық бастамаларын талқылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар Үкіметтің медициналық қызметтердің сапасын арттыру және қамтуды кеңейту жөніндегі шараларды, коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын тіркеу , медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, олардың мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуын нығайту, сондай-ақ ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясын Астанада өткізу мәселелерін талқылады.

Смайылов Қазақстан ДДҰ-ның Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөніндегі жұмысын толық қолдайтынын, сондай-ақ Ұйымның коронавирус пандемиясын тиімді еңсеруге қосқан үлесін бағалайтынын атап өтті.

– Біз ынтымақтастығымызды жалғастыруға және барлық басым бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға дайынбыз, – деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, алдағы жылдары Үкімет денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен арттыруды, медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде ауылдық жерлерде жаңартуды, бейінді білімді нығайтуды және ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды кеңейтуді жалғастырады.

Ханс Клюге ДДҰ Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы, атап айтқанда, халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту және сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі басымдықтарын қолдайтынын атап өтті.

– Біздің ойымызша, денсаулық сақтау және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелерін қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі шаралар дұрыс. Бұл – ілгері жасалған үлкен қадам. Аталмыш тәжірибе Қазақстанға осы саланы одан әрі дамыту үшін пайдалы болады деп үміттенеміз, – деді Ханс Клюге.
22 қыркүйек 2022 ж. 222 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 25

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 80

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 91

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 61

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 96

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031