Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қоғамдық көлік мәселесі толық шешілді – облыс әкімі

Қызылордада қоғамдық көлік мәселесі толық шешілді – облыс әкімі

Қызылордада қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешілді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шешімін тапты, — деді аймақ басшысы брифинг барысында.

Бұған қоса «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн теңгеге жуық қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа автовокзалда 38 автобус маршруты ұйымдастырылған. Оның 1-еуі халықаралық, 7-еуі облысаралық, 30-ы ауданаралық бағытта.

Сонымен бірге облыс әкімі экотакси қызметін құру бойынша алынған 100 электромобильдің барлығы тұрғындарға қызмет көрсетіп жатқанын атап өтті.

20 қараша 2024 ж. 234 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930