Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Н.Нәлібаев: «Облыс орталығында қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешіледі»

Н.Нәлібаев: «Облыс орталығында қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешіледі»

Қызылорда қаласында қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешімін табады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында өткен жылы 150 жаңа автобус алдық. Биыл қосымша 50 автобус әкелінді. Қалған 100 автобус келесі жылдың басында табысталады», – деді ол.
Бұл – жақын арада аймақтың бас шаһарындағы қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешіледі деген сөз.
Қазір Қызылорда қаласында 975 млн теңгеге заманауи үлгідегі автовокзал салынуда. Пайдалануға берілгеннен кейін 124 рейс бойынша 55 автобус маршруты ашылады. Олардың қатарында Ташкент қаласына қатынайтын 1 халықаралық, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Жібек жолы (Черняевка) және Ақтөбе қаласына
8 республикалық, сондай-ақ 46 ауданаралық рейс бар. Автовокзал жаз мезгілінде күніне 3700-ден астам, қыста мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.
07 желтоқсан 2023 ж. 114 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031