Қазақстандықтар картамен төлем жасауды көбейтті
Соңғы жылдары қазақстандық кәсіпорындар өз қызметіне цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп жатыр, бұл олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін едәуір жақсартады. Электрондық төлемдер, қаражат аударуға арналған мобильді қосымшалар және онлайн-банкинг бизнестің ажырамас бөлігіне айналуда.
Жыл өткен сайын ҚР-да қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға қабілетті кәсіпорындар санының қарқынды өсуі байқалады. Мәселен, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мұндай кәсіпорындардың саны бір жылда 26,9%-ға, 967,6 мыңға дейін ұлғайды. Бұл ретте осы кәсіпорындардың сауда орындарының саны 22,7%-ға, яғни 1,1 млн дейін өсті. Бұл кәсіпорындардың төлемдер мен қаржыға байланысты цифрлық технологияларға сұранысының артуының тікелей көрсеткіші.
Қолма-қол ақшасыз төлем қабылдайтын кәсіпорындар саны республика бойынша орташа көрсеткіштер сияқты еліміздің барлық өңірлерінде жоғары қарқынмен өсіп жатқанын, яғни бұл үлкен қалалардың немесе белгілі бір облыстардың ерекшелігі емес екенін айтып өткен жөн.

Банктердің бизнеске арналған мобильді қосымшалары бойынша жеке статистика жоқ, алайда жалпы көрініс халықтың да, заңды тұлғалардың да ЕДБ мобильді қосымшаларын пайдалану деңгейін көрсетеді. Мәселен, 2024 жылдың қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша банктердің онлайн-сервистерін белсенді пайдаланушылардың жалпы саны, соның ішінде бизнеске арналған ЕДБ мобильді қосымшаларын пайдаланушылар санының өсуі есебінен бір жылда 12,4%-ға — 24,8 млн-ға дейін өсті.

ForteBusiness мобильді интернет-банкингі арқылы әралуан қызметтерді алуға және түрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға болады, соның ішінде:
• ЖК мен ЖШС үшін онлайн-шот ашу, бірден деректемелерді алып, операцияларды жүргізуді бастау;
• ЖК мен ЖШС тіркеу;
• ЖК мен ЖШС үшін үш минут ішінде 20 млн теңгеге дейін кепілсіз несие алу;
• тікелей қосымшадан цифрлық карта шығару, сондай-ақ картаның нөмірі бойынша (Р2Р) ақша аудару;
• бюджетке төлемдер — әлеуметтік төлемдер, зейнетақы, салық, МӘМС төлемдерін жасау;
• трекингпен шетел валютасында, сондай-ақ өз шоттары арасында әртүрлі валютада төлемдер мен аударымдар жасау;
• жеке айырбастау бағамы бойынша комиссиясыз операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін ForteX қызметін пайдалану;
• көптеген басқа қызметтер.
Жалпы алғанда ЕДБ бизнеске арналған мобильді қосымшаларының көптеген артықшылығы бар. Олардың негізгілерін төмендегі инфографикамызда көрсеттік.